Технология • 09 Тамыз, 2018

Озық энергия сақтау жүйелеріне арналған 6-шы ха­лық­аралық конференция өтті

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Назарбаев Университетте наноматериалдар мен озық энергия сақтау жүйелеріне арналған 6-шы ха­лық­аралық ғылыми-зерттеу конференциясы (INESS-2018) және бейорганикалық фосфат материалдарына ар­налған 10-шы халықаралық симпозиум 2018 (ISIPM-10) өтті.

Озық энергия сақтау жүйелеріне арналған 6-шы ха­лық­аралық конференция өтті

Екі күнге жалғасатын айтулы шараға АҚШ, Франция, Англия, Оңтүстік фКорея, Жапония, Қытай ғылым академиясы (CAS), Қазақстан жану проблемалары институтынан профессорлар мен білікті мамандар қатысып, өз жобаларын ұсынды. Олар материалтану, нанотехнология, экология, қайта қалпына келетін энергия көздері және энергия сақтау жүйесі саласындағы жаңа жетістіктер мен түйткілді мәселелер жө­нінде зерттеулерімен бөліседі.

Назарбаев Университет инженерия мектебiнің пост­док­торанты Алмагүл Мент­­баеваның айтуынша, INESS-2018 конференциясын­да энер­гетикаға арналған инно­ва­циялық наноматериал­дар, энергия сақтау, өнді­ру және жинаудың инно­ва­циялық жүйелері, электро­хи­миялық датчиктер мен элек­троаналитикалық қо­сым­шалар мен электротранспорт пен тұрақты энергия сақтау жү­йелері, т.б. жобалар таныс­­ты­рыл­са, ISIPM-10 симпо­зиу­мында жоғары техноло­гиялық электроника және оп­тика: электрондық фосфат материалдар, опто­элек­трондық материалдар, фос­фаттарды (минералды үр­дістер, технология және жа­б­дықтар мен ядролық қалдық­тар) байыту, микроэлемент­тер­ді қалпына келтіру (U, Cd жә­не т.б.), сонымен қатар фос­фат және жасыл техноло­ги­я­лар тақырыбы талқылан­бақ. Шараны Назарбаев Уни­вер­ситет (NU), National Labora­tory Astana (NLA), «Акку­му­ля­торлар инс­титуты» ЖШС және Жапон фосфор­лық химия ассоциациясы ұйым­дастырып отыр.

INESS конференциясы елі­мізде 2013 жылдан бе­рі дәс­түрлі түрде өткізіліп ке­леді. Кон­ференция қорытын­дысы бойынша баяндалған жұ­­мыстар мен жобалар «импакт-факторы» шетелдік ғылыми-зерттеу журналында жинақ түрінде басып шығарылады.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»