Елбасы Кітапханасы мен Қоры журналистерге арналған конкурс жариялады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы мен Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға ашық шығармашылық конкурс  жариялайды.

Егемен Қазақстан
09.08.2018 10643

Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.

Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі:

1)      «Үздік теледидар материалы»;

2)      «Үздік радиоматериал»;

3)       «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;

4)      «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым»;

5)      «Ел жүрегі –Астана».

Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңгеберіледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады.

Конкурсқа 50 жасқа дейінгі жеке және ұжымдық авторлар қатыса алады. Жеке немесе ұжымдық автор тек бір номинация бойынша қатысуға құқылы. Соның ішінде бір тақырыппен біріктірілген материалдар циклын ұсынуға болады.

Конкурсқа 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазан аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген комиссиясы шығарады.

Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2018 жылғы 1 маусым мен 10 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртібімен немесе пошта арқылы мына мекенжайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 1, 213 каб., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 75-12-15).

Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz,www.fpp.kzсайттары арқылы танысуға болады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

Генуядағы көпірдің құлауына кінәлілер анықталды

16.08.2018

Тілектес Есполов: «Ақтастағы Ахико» қойылымы көзімізге жас үйірді

16.08.2018

Қыздар Университетінде «Рухани жаңғыру» аясында жаңа пәндер енгізілді

16.08.2018

Инсультке иілмеу жолдары қаралуда

16.08.2018

Астаналық дәрігерлер ауылдарды аралады

16.08.2018

Алматыда науқас балаларға арналған ойын бөлмесі ашылады

16.08.2018

IX жазғы Спартакиада өз мәресіне жетті

16.08.2018

«Method PRO» жастарға жол ашады

16.08.2018

Солтүстік Қазақстанда науқас жандар тегін дәріге қол жеткізе алмай жүр

16.08.2018

Ресми бөлім (16.08.2018)

16.08.2018

Ақтау саммитінің қорытындылары бойынша Қайрат Әбдірахманов түсініктеме берді

16.08.2018

Қайрат Әбдірахманов Түркі академиясының қызметімен танысты

16.08.2018

Роботтандырылған хирургия – медицина мәртебесі

16.08.2018

Канаданың хоккейшісі «Барыста» ойнайды

16.08.2018

Азияда-2018: Бүгін Джакартада Қазақстанның байрағы көтеріледі

16.08.2018

Қарағанды облысында катодты мыс өндіретін кәсіпорын іске қосылды

16.08.2018

5G белесі: Қазақстан жаңа интернет жылдамдығына дайын ба?

16.08.2018

Ақтөбедегі вокзал маңы маскүнемдер мен қаңғыбастарға толы

16.08.2018

Семейде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті

16.08.2018

Қарқаралы ауданы Қоянды жәрмеңкесінің 170 жылдығын атап өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу