Хоккей • 10 Тамыз, 2018

Астанада ҚХЛ командалары Президент Кубогін сарапқа салып жатыр

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылдағы дәстүр бойынша Құрлықтық хоккей лигасының үздік командалары Астанада бас Президент Кубогін сарапқа салып жатыр.

Астанада ҚХЛ командалары Президент Кубогін сарапқа салып жатыр

Халықаралық турнирге биыл Хабаровск қаласының «Амуры»,  Нижнекамск қаласының «Нефтехимигі», Астана қаласының «Барысы» және Қазақстан ұлттық құрамасы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күні ұлттық құрама Нефтехимик командасымен жолығып, 4:1 есебімен есе жіберді. Ал «Барыс» «Амур» клубын әрең жеңді. Қорытынды есеп: 2:1. Енді бүгін ұлттық құрама Амурмен,  «Барыс» командасы болса, Нефтехимикпен ойнайды.

Ал жылдың ең басты бәсекесі – Құрлықтық Лига 1 қыркүйекте басталады.