Бокс • 11 Тамыз, 2018

Головкиннің бапкері Альварестің екінші кездесуде де пассив боксшы болатынын айтты

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Геннадий Головкиннің бапкері  Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің екінші кездесуде де пассив боксшы болатынын айтады, деп хабарлайды LA Times. 

Головкиннің бапкері Альварестің екінші кездесуде де пассив боксшы болатынын айтты

"40 жекпе-жекте Альварестің стилі басқа еді, енді міне ол қашып жүретін боксшыға айналды. Кездесуге дейін фанаттарға берген уәдесімен жекпе-жекте көрсететіні мүлде екі бөлек нәрсе. Головкинді құлатамын деді ме, бағын сынап көрсін. Менің ойымша бұл жолы да "Канело" агресивті жұдырықтаса қоймайды. Қашып жүргені үшін фанаттар әлеуметтік желіде оны жерден жерге салып жатыр. Ол осылай жалғастыратын болса, жанкүйерлер оны аяй қоймас. Cол қалпында жалғастырғысы келсе өзі білсін. Біз оған ештеңе істей алмаймыз", деді Абель Санчес. 

Головкин мен Альварестің екінші кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. 

Сурет www.arnapress.kz сайтынан алынды