Аймақтар • 13 Тамыз, 2018

Солтүстік Қазақстанда «ең үздік әлеуметтік жоба» жеңімпаздары анықталды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясы облыстық  филиалы  ұйымдастырған «ең үздік әлеуметтік жоба–2018»  байқауы еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өтіп, қорытындыланды.

Солтүстік Қазақстанда «ең үздік әлеуметтік жоба» жеңімпаздары анықталды

Байқау көктемде мүгедек жандар арасында ұйымдастырылып, тың жобалар көпшілік назарына ұсынылған болатын. Қазылар алқасының шешімімен «Менің қолымнан келеді»  жобаның авторы Ақжан Кәрім  жеңімпаз атанды. Оған  1 миллион теңгенің   сертификаты тапсырылды. Республикада облыс намысын қорғайтын болады.  Екінші орынды «Жақыныңа көмек» жобасын ұсынған  М.Жұмабаев ауданының тұрғыны Руслан Смағұл иеленді.  «Күншуақ үйі»   қорының  жетекшісі Анастасия Швецке  500 мың теңгенің сертификаты берілді. Ол бұл қаражатты орталықтағы оқушылардың білім алуы мен қоршаған ортаға бейімделуіне жұмсамақ.

«Алдағы уақытта  «Күншуақ» қоршаған ортаға бейімдеу орталығын одан әрі дамыту жолдарын қарастырып отырмыз.  Ұтып алған қаражатқа тігін машиналарын сатып аламыз. Ашылғанымызға 3 жыл ғана  болса да, біраз тәжірибе жанақтап қалдық», дейді «Күншуақ үйі» қайырымдылық қорының президенті Анастасия Швец.

 Жеңімпаздардан бөлек, 19 қатысушының әрқайсысына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

  Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы