Қажымұқан көтерген тас

Ғасырға жуық уақыт бұрын қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов Баянауылдағы досы Сүбек ұстаның үйінің іргесіне таудан алып тасты көтеріп әкеліп орнатыпты. Алып тасты алып келерде таразыға салып өлшемеген, әрине. Кейін ғой тастың салмағы 480 келі екені мәлім болғаны.

Егемен Қазақстан
14.08.2018 2058
2

Сүбек ұста Баянауылға таны­мал болған деседі. Дерек­тер­ге қарағанда, өткен ғасыр­дың жиыр­масыншы жылдары Қажы­мұ­қан бабамыз Павлодар уезі Ақ­келін, Далба болыстарын ара­лап өнер көрсеткен. Бөре­ненің басына зіңгіттей жігіт­тер­ді отырғызып, одан қалса әлі құрық тимеген асаудың төрт ая­­ғын біріктіріп тырп еткіз­бей иы­ғына салып көтереді екен. Ал ұста ардақты балуан ойын көр­сеткенде қолданатын темір құрал­дарын дайындап отыр­ған. Қажымұқан халық алды­на шы­ғып, кеудесіне көлде­нең сал­ған тасты Сүбекке ұрғы­зып сындыртқан. Осы оқиға­ны көр­ген Мәшһүр Жүсіп Көпеев­тің «Қажы­мұқан» атты поэмасы бар. 

Балуанның қара күшіне тәнті болған ауыл адамдары алдына отыз жылқы салып береді. Баян­ауылдағы Сүбек ұстаның үйіне түскен Қажымұқан жол жү­рерінде досына олжасынан қалағанынша үлес алуын өтінеді. Ұста досының ние­тіне ризалығын білдіріп: «Қажеке, мал соқса – желдікі, айдаса –жаудікі. Қазақтан сіздей ұл бұ­дан кейін туар, тумас. Анау тау­дан көтеріп бір үлкен тас әкеліп, осында орнатып кетіңіз, қайра­тыңыздың куәсі болсын, достығымыздың мұраты болсын», – дейді. Досының тілегін қабыл алған балуан таудан үлкен тасты көтеріп әкеліп, үйінің іргесіне қойып беріпті. Сол тас жуырда Баянауылдан Түркістан облысы, Ордабасы ауданының орталығы Темірланға әкелінді. Қ.Мұңайтпасов атындағы музейге тапсырылды. 

Осы бір игі істі ұйымдас­ты­рып, жүзеге асырған – Қуа­ныш­бек Қасымбек Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі Павлодар облысы бо­йын­ша департаментінің жауап­ты қызметкері. Темірланға көрші Төрткүл ауылының тумасы. Сәуірде ауылына ол  баян­ауылдық досын ерте келген екен. Ауыл-аймақты аралатқан. Дас­тарқан басындағы бір әңгі­меде ауылдас қариялар до­сы­нан Баянауылдағы Қажымұқан көтерген алып тас жайлы сұрапты. Қуанышбек Темірландағы музей қызметкерлеріне жолығып, алып тастың тарихына қанық­қан. Музей қызметкерлері Пав­лодарға 2-3 рет хат жазып тас­ты алдыра алмағанын, ал көшір­­месін жасатуға көп қара­жат қажет болғанын айтыпты. «Көп ұзамай павлодарлық шежіреші Рамазан Нұрғалиевпен әңгімелесіп, тастың көшірмесін жасатамыз деп шештік.

Алайда тастың көшірмесін жасаушы ұста тастың икемге келмей, қайта-қайта сына беретінін айтты. Сондықтан тастың түпнұсқасы тұрған Қабдірашид Мәжитов деген ақсақалдың шаңырағына бас сұғып, мән-жайды түсіндір­дік. Ақсақал тасты Темірланға әкетуімізге рұқсатын берді. Қабдірашид қарияның айтуынша, бұл алып тас оған бала кезінен таныс. Сүбек ұстаның екі қызы тұрмысқа шығып, жәдігер қараусыз қалғаннан кейін Қабді­рашид қария оны ауласы­на әкеліп қойыпты, – дейді Қуаныш­бек Әбдіғаппарұлы.

Осылайша өз заманында жауырыны жерге тимеген Қажы­мұқан бабамыз көтерген алып тас Темірландағы музейге салтанатты түрде тапсырылды. Сонымен қатар Баянауылда күш атасының өнерін өз көзімен көріп, мәңгілік өлмейтін жыр жазған МәшҺүр Жүсіп Көпейұлының еңбектері де музейге табыс етілді. 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Солтүстік Қазақстанда «Қозыбаев оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

18.11.2018

Қор нарығы ел экономикасына серпін береді

18.11.2018

Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу