14 Тамыз, 2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды. Бұл туралы мәлімдемені Біріккен Ұлттар Ұйымының хатшылығы таратты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюын құптайды

«Бұл тарихи құжат халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды болып табылатын өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді», – деп айтылған хабарламада.

БҰҰ Бас хатшысы Конвенцияның Каспий теңізі жағалауы елдері арасындағы ұзақ мерзімді проблемалардың кең ауқымын реттейтін жетпес рөл атқаруы тиіс деп санайды және өңірлік шиеленіс азайтуда маңызды қадам болып табылады.

Антониу Гутерриш, сондай-ақ, Конвенцияға қол қойған барлық елдерді өңірлік ынтымақтастық пен көпжақты дипломатияның ерекше мәні бар жетістіктерімен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше