Атырау облысында құрылыс саласының үздіктеріне құрмет көрсетілді

14 тамызда Атырауда Құрылысшылар күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Сала қызметкерлерін кəсіби мерекелерімен Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады.

Егемен Қазақстан
15.08.2018 872
2

Өз сөзінде өңір басшысы азаматтардың өмір сүру сапасы мен маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу саланың жұмыс нəтижелеріне тікелей байланысты екеніне баса назар аударып, құрылысты республиканың экономикалық дамуының локомотивтерінің бірі деп атады. Ол бүгінгі күні құрылыс саласын дамыту үшін көп мүмкіндіктер жасалып жатқанына тоқталды.

-Сіздер ел экономикасына орасан зор үлес қосып отырсыздар. Өткен кезеңдерде қандай технологиялар пайдаланылғаны құрылыс саласының ардагерлерінің есінде. Қазір Мемлекет басшысының саясатының арқасында біз бұл салаға жаңа технологияларды тартудамыз, жаңа материалдарды пайдаланудамыз, мұның барлығы салынып жатқан əлеуметтік объектілер мен инфрақұрылымның сапасын жақсартуға ықпал етеді. Бұл бірегей архитектуралық құрылыс салуға мүмкіндік береді, -деді Нұрлан Ноғаев.

2018 жылы өңірде 3892 пəтерлік 44 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, 34 үй осы жылы пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 үйдің құрылысы жүргізілуде, қалғандары аудандарда. Бұл тұрғын үй құрылысының рекордтық көрсеткіші, өңірдегі тəуелсіздік жылдарындағы ең үлкен тұрғын үй көлемі екенін атап өткен жөн. Мұнан басқа бүгінгі күні облыста 3214 орындық 16 балабақша салынуда, оның 14 -ін жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Оқу орындарының құрылысы белсенді жалғасуда. 2018 жылдың соңына дейін 1968 орындық 8 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланды. Салынып жатқан 6 мектеп келер жылы пайдалануға берілетін болады. Денсаулық сақтау, мəдениет жəне спорт объектілері де назардан тыс қалмауда. Осы жылдың соңына дейін 8 денсаулық сақтау объектісін, 6 мəдениет үйін, спортты дамытуға арналған үш объектіні пайдалануға беру жоспарлануда.

2017 жылы Атырау облысында 371 шақырым жол салынды, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары. 2018 жылы 280 шақырым жолды асфальттау жоспарланды.

Өңір басшысы үлкен жұмыстың бір бөлігі ғана екенін атап өтті. Елді мекендерді абаттандыру бөлігінде ауқымды жұмыстар тұр. Сонымен қатар жыл сайын əлеуметтік объектілер-ауруханалар, мектептер мен балабақшалар салуға жəне жөндеуге бөлінетін бюджет қаражатының көлемі ұлғаюда.

-Сіздердің міндеттеріңіз жаңа технологияларды пайдаланып, кəсіби деңгейді көтеріп бəсекеге қабілетті болу. Қауіпсіздіктің барлық нормаларын сақтай отырып, сапалы объектілер салу қажет. Сіздердің еңбектеріңізбен салынып жатқандардың барлығы қоғамның əл-ауқатына əсерін тигізеді. Біз өз тарапымыздан республикалық, облыстық бюджеттердің қаржыландыруын, жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаттарын пайдаланып бүгінгі күні тұрғындарға өмірлік қажет объектілердің құрылысын салуға өтінімдер береміз. Баршаңызды кəсіби мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Сіздерге жəне отбасыларыңызға бақ-береке, өсіп-өркендеу, тыныштық пен бейбітшілік тілеймін,- деді Нұрлан Ноғаев.

Салтанатты жиында құрылыс жəне жол саласының үздік қызметкерлері «Құрметті құрылысшы», «Құрметті сəулетші» төсбелгілерімен, Инвестиция жəне даму министрлігінің, облыс əкімдігі мен мəслихатының алғыс хаттарымен марапатталды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу