Нұрбах РҮСТЕМОВ. Прагматизм, көпвекторлық және ұлттық мүдделер

Әлем тез өзгеріп, жаһан­дық күштер теңгерімін қай­та бөлу жал­ғасып жатқан қазір­гі кезеңде бірізді және страте­гиялық жа­ғынан дәйекті дипло­матия ерекше сұранысқа ие. Жаңа экономикалық қуат орта­лық­тарының және оларға байланысты саяси ықпал ету орталықтарының пайда болуына куә болып отырмыз.

Егемен Қазақстан
15.08.2018 3990
2

Жалпы алғанда, әлемдік экономика біртіндеп қалпына келіп, он жыл бұрынғы көрсеткіштер деңгейіне оралды. Сонымен қатар жаңа тектоникалық өзгерістердің нышандарына ұқсас процестер де көз алдымыздан өтіп жатыр. Мұ­ның бәрі әлемнің барлық ел­дерінің дипломаттарына көздеген мақсаттарды жедел бейімдеу, үнемі жетілдіру және түзетіп отыру міндеттерін жүктеп отыр.

Халықаралық қатынастарды дамытудағы қазіргі кезеңнің негізгі мазмұны – дипломатиялар үшін қолдану тұрғысынан ерекше қызығушылық тудыратын әлемдік саяси тәртіптің жаңа архитектурасына көшу. Оны төмендегі факторлар мен үрдістер негізінде айқындап беруге болады.

Біріншіден, біз үшін үйрен­шікті дүние­лер үнемі өзгеріп отырады, тіпті қазір әлемдік тәртіп сындарлы және күрде­лі өзгерістерге ұшырап жатыр. Жал­пы ал­ғанда, халықаралық қаты­настар бипо­лярлық жүйені бұз­ғаннан бері, толықтай ретке келтірілген жоқ. Оның үсті­не кейбір жағдайларда олар күр­делене түсті де, болжап білу мүм­кін емес болып кетті.

Тәжірибе қазіргі заманғы көп­теген мәселелерді күш арқылы шешудің жолдары жоқ екенін ай­қын көрсетеді. Күшпен әрекет ету позициясы тек жаңа қиындық тудырады. Соның кесірінен бүтіндей мемлекеттер (Ауғанстан, Ливия, Сирия, Ирак және басқалар) ыдырау шегінде тұр.

Мұндай көзқарас сөзсіз әлемдік саясаттағы қақтығыстар кеңістігінің кеңеюіне соқтырады. Бірақ бұл факторды әлемнің барлық елдері  біртіндеп түсініп келеді. Қарсыласу бүгінгі күні ешкімге пайда әпермейді, ал қазіргі жағдайда жанжалдарды (экономикалық, саяси немесе әскери) ушықтыру арқылы әлдебір тараптың жеңіп шығуы мүмкін емес.

Халықаралық қатынастар да­муының жаңа кезеңі бастал­ғанын әйгілейтін сипаттар да көріне бас­тады. Оның мазмұны әлемдік процестерді өзара сенім білдіру мен позитивті ынтымақтасу арқылы жүргізу болмақ. Мұндай тәсілдің жарқын мысалы – Каспий жағалауы елдерінің Ақтауда өткен бесінші саммитінде қабылданған Каспий теңізінің құқықтық мәр­те­бесі туралы конвенция. Барлық қатысушылар мен белгілі сарапшылар бұл тарихи келісімді бекітуде  Қазақстан мен оның сыртқы саясатының шешуші рөл ойнағанын мойындады. Бұл мәселе соңғы 30 шақты жыл бойы күн тәртібінен түспеген. Мұндай күрделі мәселені бейбіт әрі байсалды түрде шешу – халықаралық қатынастардың даму жолының болашағын паш ететін бір көрініс іспетті. 

Осыған байланысты халық­аралық қатынастардың дамуын­дағы жаңа кезеңнің белгілері айқын байқалады. Оның мәні өза­ра сенімділік пен оң ынтымақ­тас­тық жағдайында әлемдік үр­діс­тердің дамуы болмақ. Осын­дай көзқарастың жарқын мысалы – Қазақстанның биылғы қаң­тар айындағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіне төрағалық етуі нәтижесінде қабылданған бастамалар. Ал бұл бастамалар іс жүзінде елдер мен белсенділерді антиядролық қозғалысқа неғұрлым көптеп тарту арқылы орындалмақ.

Екіншіден, қазір байқалып отырған саясат пен халықаралық қатынастардағы турбуленттіліктің бір сипаты – жаңа және әрдайым жағымды болып шықпайтын процестер. Мәселен, тұтас бір бағытқа айнала бастаған популизмнің таралуы. Көптеген сарапшылар мұны бүгіннің өзінде жаңа «қалыпты жағдай» деп атайды.

Популизм өршуінің түп себебі – мынадай объективті мәселелер: экономикалық өсу орталықтарының ауысуы мен содан туатын әлеуметтік теңсіздік, бұқаралық көші-қон жағдайында мәдени ерекше­лік­терді жоғалту қорқынышы, сонымен қатар шулы лаңкестік шабуылдар мен қыл­мыстар санының өсуі және оларды де­магогтердің нәсілдік немесе діни негіздердегі ксенофобия мен араздықты қоздыру үшін пайдалануы.

Бұл мәселелердің қарапайым шешімі жоқ, оны популистер жақсы біледі, оларға барлық келеңсіз жайттар үшін кінәні үкі­мет­терге және қазіргі халық­аралық қатынастар жүйесіне тағу анағұрлым оңай. Осындай көңіл күй соңғы кездері, әсіресе Еуропа одағы елдерінде байқалады.

Кейбір еуропалық дипломаттар жалпы дәстүрлі институттар әлсіреп, олардан бұқараның көңілі қалып, үкіметтерге, саяси партияларға, соттарға, БАҚ пен қаржы мекемелеріне деген сенімі жоғалды деп пайымдайды.

Қалай болғанда да, Еуропада қоғамның саяси, қаржылық және интеллектуалдық истеблишменті жеңіліске ұшырап жатыр, технократтар популистерге жол беріп, ұлтшылдар мен дәстүршілдер либералдар мен жаһандануды жақтаушыларды ығыстырып барады. Бұл Еуропа одағындағы да­мыған елдердің өзінде байқалады.

Жаңа әлемдік тәртіпті сипаттайтын тағы бір тенденция – протекционизм де тұрақты сипатқа ие болып отыр. Бұның сипаты – кейбір елдердің оқшаулануы, сауда-экономикалық қатынас­тардың көпжақты форматынан жеке, аймақтық сипатқа көшуі. Мұны жекелеген сарапшылар «деглобализация» деп бағалайды.

Бірақ, ең бастысы, бір ор­та­лықтан таралатын үрдіске ай­налған бұл трендтердің дамыған елдерден бірте-бірте дамушы елдерге таралуы алаңдатады. Бұл, әсіресе, Еуропада жұмыс істейтін дипломаттарға мәлім дүние. 

Үшіншіден, экономикалық және саяси дамудың әлемдік орта­­­лығы біртіндеп Азияға ауы­сып келеді, ал Ор­та­лық Азия айма­ғын­­­дағы ішкі диалогті құру оның дамуын ай­қын­­дау­­шы үр­діс­ке айналып отыр. Бұл фактор ке­ле­шекте ұзақмерзімді өзгерістердің негізгі қозғаушы күші болып қалуы ықтимал.

Бұрын дамушы елдер жаңғыру процесіне қуып жету принципі бойынша ілесіп отыруға мәжбүр болды, бүгін көптеген Азия елінің мысалына сүйенсек, олар дамудың жаһандық динамикасын қалыптастырып отыр. Қазақстан үшін бұл тренд айрықша ма­ңызды, өйткені Орталық Азия көп­теген бағалауларға сәйкес жаһандық экономиканың шеткі аймақтарынан оның белсенді орталығына айналуға бет бұрды.

Қазір «Бір белдеу – бір жол» атты Қытай бастамасының аясында құрылған көлік инфра­құ­рылымы бойынша өтетін болашақ қуатты жүк ағымдарының өсуі туралы көптеген болжам бар. Жалпы алғанда, осындай болжамдармен, әсіресе қазіргі заманғы Жібек жолын қалпына келтіру бағытында әрекет етуші көптеген жаһандық және аймақтық ойыншылардың белсенділігін ескере отырып (бұл шын мәнінде, Қытайдың сыртқы саясатының басты мақсаты) келісуге болады. Алайда Ор­та­лық Азияның дамуына тән әлеуетті түгел жүзеге асыру үшін Қазақстанға және көршілерімізге көптеген экономикалық және дипломатиялық мәселені шешуге тура келеді.

Бірқатар сарапшының баға­лауы бойынша, Орталық Азияның барлық елдерінің табысты да­муының кілті аймақаралық ынты­мақтастыққа белсенді қаты­суында жатыр. Бұл идея аймақ халықтарының тарихи, геогра­фиялық, мәдени, тілдік және діни қауымдасуының іргелі алғы­шарттарына негізделген және тұрақты әлеуметтік-эконо­микалық дамуын, тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы, халықтың тұрмыс деңгейін кө­те­ру және оның қауіпсіздігін қам­та­масыз ету үшін сырттан төн­ген қауіппен тиімді күресу үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағ­дай­лар­ды қалыптастыруға арнал­ған. Орталық Азия елдері­нің тұ­рақты әлеуметтік-эконо­мика­лық дамуы үшін жағдай туғы­за­тын экономикалық мәсе­ле­лер­ді шешуге және мемле­кет­аралық құқықтық қатынастарды қалып­тастыруға күш жұмылдыру қажет.

Төртіншіден, халықаралық ынтымақ­тастық жүйесі, тұтастай алғанда, өзгерді, ол шынымен адамдардың, тауарлар мен ка­пи­талдардың шексіз ауқымды қоз­ғалысын қамтыған жаһандық жүйеге айналды. Бұған қоса, өрке­ниеттің технологиялық негізі өзгерді: әртүрлі телекомму­ни­кациялардың арқасында біздің әлем бүгін ақпараттану жағынан ашық және қаныққан. Қазақстанға ынтымақтастық орнату жағынан тарихи байланысы ертеде үзіліп қалған жаңа елдер мен өңірлер ашылды. Бұған жарқын мысал ретінде Қазақстанмен аса тығыз тарихи және мәдени байланыстары жанданған Вен­гриямен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуды айтуға болады.

Сонымен халықаралық қаты­настар жүйесінің одан әрі дамуы бұрынғыдан да қызық­ты және болжамды болатыны көрініп тұр. Бүгінгі өзгеріс­тер, болашақ дүниенің біз ойла­ған­нан айтарлықтай ерекшелене алатындығын байқатады. Қазақ­стан әлемге  барған сайын ашық әрі транспарентті елге айналып, жаһандық процестерге белсене қатысып жатыр. Бо­ла­шақта беріктігімізді сынайтын ана­ғұр­лым қызықты кезеңдерді бастан өткереміз. Айналадағы әлем Орталық Азиядағы жағдай сияқты тез өзгеріп барады, таяу уақытта жаңа қиындықтар ғана емес, жаңа мүмкіндіктер де алдымыздан шықпақ.

Қазақстанға және біздің қолданыстағы дипломатиямызға жасалған талдау Прези­дент Нұр­сұлтан Назарбаевтың шешім­­дерінің, жоспарлары мен идея­ларының ойдағыдай жүзеге асып, жалғасын тауып, жаңа, үнемі өзгермелі қоршаған шы­найы дүниеден үйлесімді орын ие­лен­гені анық екендігін көрсетеді. Мұның бар­лы­ғы елімізді әлемге танытып, беделін  күшей­теді.

Әзірге айқындала түскен жайттар мыналар: Қазақстан жаһанданудың жаңа процестеріне дер уақытында ілесіп кетті және халықаралық ынтымақтастыққа белсене кірді. Біз таңдаған сыртқы саясат­тың қағидаттары, яғни прагматизм, көпвек­тор­лық және ұлттық мүдделерге қатыс­ты мүл­тіксіз айнымас ұстаным әбден се­нім­нен шықты деп қорытынды жасауға болады.

Нұрбах РҮСТЕМОВ,

Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

22.09.2018

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу