Әлем • 15 Тамыз, 2018

Лондонда көлік парламент ғимараты қоршауына соғылды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лондонда 14 тамыз күні белгісіз адам көлікпен британ парламенті - Вестминстер сарайының қоршауын қасақана соққан. 

Лондонда көлік парламент ғимараты қоршауына соғылды

Оқиғадан кем дегенде екі адам жараланып, көлік жүргізушісі ұсталды.

Былтыр Лондонда көлікпен екі рет шабуыл жасалған. Наурызда қылмыскер Вестминстер көпірінде топ адамды көлігімен қағып өтіп, полицейді пышақтап өлтірген. Маусымда Лондон көпірінде фургон көлігі жаяу жүргіншілерді басып өтіп, сол маңдағы кісілерге пышақпен шабуыл жасаған. 12 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Екі шабуылды «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы мойнына алған.