15 Тамыз, 2018

Қызылжар ауданындағы 13 ауылға сапалы ауыз су жетті

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Таяуда «Есіл су» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты Соколовка топтық су құбыры жаңғыртылып, Қызылжар ауданындағы 13 ауылға сапалы ауыз су жетті.

Қызылжар ауданындағы 13 ауылға сапалы ауыз су жетті

Стансаға су Есіл өзенінен алы­нып, 12 метр тереңдікте ор­наласқан арнайы сыйым­дылық­та сақталады. Ескі құ­рал-жабдықтар жаңаланып, ғимараттың жұмысы толығымен авто­матты жүйеге көшірілген. «Қаз­сушар» респуб­ликалық мем­лекет­тік кәсіпорны «Есіл су» филиалының бас ин­­­­женері Ники­та Забавиннің ай­туынша, сорғы станса мен 116 шақырым құбыр қал­пына келтірілген. Бұл мақсат үшін рес­пуб­­ликалық бюджеттен 4,6 миллиард тең­ге жұмсалған. 

2018-2020 жылдарға арнал­ған жоба құнының 6,9 миллиард тең­гені құрайт­ынын айта кет­кеніміз жөн. Бас инженер атап өткендей, оның шеңберінде 19 ауылға су құбырлары тартыл­мақ.

Заманауи техникалық қон­­дыр­­­­ғылардың арқасында бар­лық жұмыс барысы компьютер арқылы бақыланады. Су шығынының біршама азайғаны байқалады. Бұған дейін 1 литр тіршілік көзін­дегі лайлану мөлшері 1,1-1,2 миллиграммды құраса, енді 0,7-ге дейін төмендеген.

Бүгінде Пресновка топтық су құбыры жөнделуде. Оның алғаш­қы кезеңіне 7,8 миллиард теңге қарас­тырылып, ондаған елді мекендерге тіршілік нә­рі жетеді. Оның қатарында Михайловка, Новодубровное, Сенжарка, Клад­бинка, Семаки, Пчелино сияқты таза суға шө­лір­кеп отырған елді мекен­­дер бар. Тұтастай алғанда 280­ шақырым магистральды же­лі қосылып, отызға жуық ауыл­дың тұр­ғын­дары су азабынан құты­латын болады.

Сондай-ақ биыл Шал ақын, Ти­ми­рязев және Ғабит Мүсі­репов атындағы аудандарда сорғы станса іске қосылды.

Айта кетуіміз керек, «Есіл су»­­ меке­месі өңіріміздегі 11 және Қос­­танай облысындағы 2 аудан­ға­ тіршілік көзін жеткізу­мен айналысады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»