Аймақтар • 16 Тамыз, 2018

Алматыда науқас балаларға арналған ойын бөлмесі ашылады

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында қатерлі дерттен­ көз жұмған 5 жасар Аси­ма Ма­хаматованың анасы көп­­ші­лік­тің демеуімен емге жи­­нал­­ған қаражатты науқас ба­ла­ларға көмектесу мақсатында «Амила» қорына аударған. 

Алматыда науқас балаларға арналған ойын бөлмесі ашылады

Қор бұл қаражатқа Алматы ай­мақтық балалар клиникалық ауру­ханасының гематология бөлімінде науқас балаларға арналған ойын бөлмесін ашуды жоспарлайды. Қор ұсы­нысына аурухана басшылығы бірден қолдау білдіріп, шарапатты іске ризашылық танытады. 

Қазіргі кезде аталған нысанға еріктілер тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаздар мен ойыншықтар сатып алынды. Ал «Simple art» студиясының суретшілері бөлме қабырғаларын әсем суреттермен безендірген. Ойын залы сырқатқа шалдыққан балалардың ем барысында кө­ңілді ортаны сезінуіне септігін тигізіп, жылдам сауығып кетуіне ықпал ететіні сөзсіз. 

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы