Қазақстан • 19 Тамыз, 2018

Ауа райы болжамы: Ақмола облысы мен Астана аумағында дауыл тұрады

1037 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» еліміздің 3 өңіріндегі ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ауа райы болжамы: Ақмола облысы мен Астана аумағында дауыл тұрады

Астана қаласы мен Ақмола облысында 19-21 тамыз күндері нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күшті дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде нөсер жауып, найзағай ойнайды, күшті дауылдың соңы бұршаққа ұласуы мүмкін деп болжануда.

Солтүстік-шығыстан, солтүстік бағыттан екпіні 15-20 м/с жел соғады, 20-21 тамызда желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Астана қаласында 21 тамызда нөсер жауып, солтүстік бағыттан екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Найзағай, күшті дауыл, бұршақ болуы ықтимал.

Сонымен қатар, синоптиктер 19 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, дауыл болып, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп болжайды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше