Әдебиет • 19 Тамыз, 2018

«Алтын Тобылғы» әдебиет жүлдесіне өтініштерді қабылдау басталды

533 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Алтын Тобылғы» («Золотая Таволга») әдебиет жүлдесіне өтінім қабылданып жатыр.

«Алтын Тобылғы» әдебиет жүлдесіне өтініштерді қабылдау басталды

Сыйақы қорының жиынтық мөлшері 5,5 миллион теңгені құрайды. Өтінімдер 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қарашаға дейін қабылданады. Жеңімпаздар осы жылы желтоқсанның бірінші онкүндігінде жарияланады. 

Конкурстың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры. Конкурстың әріптестері: Қазақстан Жазушылар Одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

«Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Балаларға арналған үздік шығарма» сияқты үш аталымда өтетін  конкурсқа 18 бен 35 жас аралығындағы жас қазақстандық авторлар қатыса алады. Бұрын еш жерде жарияланбаған еңбектер ғана қаралады. Осы төрт номинация бойынша әрбір жеңімпазға 1,5 миллион теңге беріледі. Биыл «Астананың 20 жылдығына арналған үздік шығарма» арнайы тақырыптық номинациясы қосылып отыр.  

Конкурстық жұмыстар мынадай өлшемдер бойынша бағаланады:

Жанрға сәйкестігі, өзіндік ойлау қабілеті, авторлық ұстанымы, баяндау бірізділігі және көзқарасы, идеяның сонылығы, әдеби-көркемдік құндылығы, қиялы мен шығармашылық әдісі, эмоциялық және эстетикалық әсерінің тереңдігі. Конкурсқа түскен шығарманы объективті бағалау анонимдік принциппен қамтамасыз етіледі, еңбекті оқып отырып және ол туралы өзінің кәсіби пікірін қалыптастыра келе қазылар алқасының мүшелері автордың есімін танып білмейді.

«Алтын Тобылғы» жүлдесі жыл сайын Қазақстан әдебиетіндегі жаңа есімдерді ашады, жастар мен қауымдастыққа жас қаламгерлердің өмірлік философиясын бейнелейтін қазіргі заманғы әдебиетті дамытуға көмектеседі. Осындай бірегей іс-шара Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын іске асыруға ықпал етеді. 

Толығырақ ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры сайтынан білуге болады. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше