Экс-депутат жас мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды

Ақтауда мемлекеттік қызметшілерге Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова және ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, Қоғамдық және Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Қайролла Ережепов «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым», «Басшының бағынысты қызметкерлеріне қатысты тәртіптік этикасы», «Этикалық кодекстің талаптарын қадағалау» және «Ұжымдағы жалпылама адамгершілік-этикалық нормаларға сәйкес қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды.

Егемен Қазақстан
19.08.2018 7925
2

Мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері, қызметтік әдеп нормаларының бұзушылықтарын алдын-алу және ұжымда жақсы моральдық-әдептілік нормаларын орнату жайы түсіндірілді.

Аталмыш шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтеру бойынша кешенді жоспарға сәйкес, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аясында өткізілді.

Қайролла Ережепов дәріс барысында мемлекеттік қызметте өзінің жолын қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті,  қойылған сұрақтар  жауап берді. Бойыңда кәсіби іскерілік болса және адал еңбек етсең мансаптық сатымен өсуге болады деді ол. Оның үстіне қазіргі жағдай мүлдем басқаша, мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Ең бастысы қара басыңның қамы емес, халықтың қамын ойлау қажет екендігін айтты.

Лекцияға қатысқан жас мемлекеттік қызметшінің бірі – Елжас Нұраханұлы. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін «Мемлекет және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік қызметке тұрғанына 6 ай болған. Қазіргі уақытта Бейнеу ауданы аппараты әкімінің бас маманы.

-Біз сияқты жас мамандардың үйренері көп. Сондықтан да осындай лекцияларға қатысу маңызды деп білемін. Меніңше мемлекеттік қызметші алдымен кәсіби білімді және бойында жауапкершілік болуы керек. Ең алдымен халықпен жұмыс жасайтынын бір сәтке болсын естен шығармауы тиіс. Жалпы университет қабырғасында да, күнделікті жұмыс барысында да заңның белшесінен баспай, адал болу керектігі үнемі айтылып жүр, дейді жас маман.  

Ал Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Алмасқызы жас мемлекеттік қызметшілерді патриот болуға шақырды. Мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларды жүзеге асыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда, әсіресе кадрлық әлеует, еңбекақы мәселесі, мансаптық өсу бойынша нақты шаралар қолға алынғандығын айтты. Маңғыстау өңірінде мемлекеттік қызметке деген қызығушылық екі есе артқанын айтты. Бүгінде мемлекеттік қызметтегі бір орынға кей мекемелерде 10-20 үміткердің таласы бар.

Айта кету керек, академия филиалының қабырғасында «Мемлекеттік қызметшілердің әдебі», «Мемлекеттік қызметтегі этика және имидж», «Тайм менеджмент» және тағы басқа тақырыптарда бірнеше лекциялар ұйымдастырылған. Ал курстар түрлі бағытты қамтиды, әсіресе психология, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, тексеру іс-шараларының тәртібін сақтау. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша семинарлар және «Тиімді басшы – тиімді қызметкер» сағаты өткізілген.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» кітапшасы (pocketbook) туралы айтылды. Аталған кітапшада мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытындағы және жұмыстан тыс уақыттағы негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған, жағдаяттық мысалдар негізінде мемлекеттік қызметшілер үшін қысқаша нұсқау ұсынылған және тәжірибеде бейәдеп мінез-құлық фактілерінің ең көп тараған түрлері келтірілген.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2018

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін бе? (ВИДЕО)

18.09.2018

11 жылдан кейін қайталанған тарихи кездесу

18.09.2018

Мемлекет басшысы қосарланған салықты болдырмайтын Өзбекстанмен арадағы келісімге өзгерістер енгізді

18.09.2018

Елбасы Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды

18.09.2018

Студент жастардың жатақхана мәселесі шешілуде

18.09.2018

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

18.09.2018

Жеңімпаздар әлем чемпионатына барады

18.09.2018

«Астана» 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен ойнайды

18.09.2018

Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

18.09.2018

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

18.09.2018

Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

18.09.2018

Ақмола облысында 61 ІТ сыныбы ашылды

18.09.2018

Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды

18.09.2018

«Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналы аламан бәйге жариялады

18.09.2018

Статусты сәйкестендіру керек

18.09.2018

Қостанай облысында адасқан тырна аңшылық шаруашылығына тапсырылды

18.09.2018

Ақмола облысында 2870 орынды қамтитын 11 жатақхана салу жоспарлануда

18.09.2018

Әулиеата аймағында туризмді дамытудың нақты жоспары жасалды

18.09.2018

Құрылыс компаниялары қызығушылық танытуда

18.09.2018

Елімізде жұмыспен қамтылған жастардың саны - 2,1 млн адамды құрайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Búgingi qazaq áıeli

Qazaq áıeli qaı zamanda da qatparly taqyryp bolǵan. Epostyq jyrlar men ertegilerde, jyraýlar poezııasynda qazaq áıeliniń, qazaq qyzynyń asqaq beınesi áspetteldi, sulýlyǵy jyrlandy, jan dúnıesiniń izgilikti qasıetteri pash etildi. Baǵzydaǵy Tumar hanym men Umaı anadan bastap qazaq tarıhy da Domalaq ana, Aıpara ana, Qyzaı ana, beridegi Bopaı hansha men uly Abaıdyń ájesi Zere syndy ardaqty esimderge kenen bolyp kelgeni belgili. Qashannan-aq halyq qasıetiniń qormaly, ulttyń uıaty áıel bolǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу