Жазғы спорт • 19 Тамыз, 2018

Азиада-2018: Дмитрий Алексанин Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин Жакартада өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Азиада-2018: Дмитрий Алексанин Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

Суретті түсірген Данияр Майлыбаев

Ол финалдық бәсекеде Рио Олимпиадасының чемпионы, Оңтүстік кореялық Сан Ен Пакты жеңді. Қорытынды есеп - 15:12, деп хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.

Дмитрий жарыстың топтық кезеңінде 1/16 финалда таиландық Коракоте Жиенгамуаичайды, 1/8 финалда қырғызстандық Роман Петровты, ширек финалда вьетнамдық Ден Нгуеинді жеңген болатын. Жартылай финалда Алексанин Азия чемпионы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері оңтүстік кореялық Чон Джин Сонна басым түскен болатын. 

«Дмитрий Алексанин биылғы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанып, әлем біріншілігінде үздік алтылыққа енді. Бұл оның қарымды спортшы екенін көрсетеді. Азия ойындарында бәрі сәтті аяқталғанына қуанып тұрмын. Барша қазақстандықтарды Алексаниннің жеңісімен шын жүректен құттықтаймын», - дейді бас бапкер Алексей Писцов.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше