Аймақтар • 20 Тамыз, 2018

Бас жүлде Айгүл Елемесоваға бұйырды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Болашаққа бағдар: ру­ха­ни жаңғыру» бағ­дар­ламасы аясында Бес­қара­ғай ауданының құ­рыл­­ғанына 90 жыл толуына орай «Үздік кітап­ханашы - 2018» аудандық кітап­ханашылар сайысы өтті.  

Бас жүлде Айгүл Елемесоваға бұйырды

Бірінші кезеңге 18 кітап­хана қызметкері қатысты. Екін­ші кезең­ге әр ауылдан 6 кі­тап­­ханашы таңдалып алын­ды. Екінші кезеңге өт­кен кітап­ханашылар «Кітапханашы – бірегей мамандық» тақыры­бы төңірегінде өзін-өзі таныс­тыру, «Жүрегім, жырым сенсің, Ту­ған жер» тақырыбы бойын­ша өлең, оқу, ән айтудан са­йыс­қа түсті. «Сұрақ-жауап» са­йы­сында аудан тарихына  байланысты сұрақтарға жауап берілді. Бас жүлдеге Бөдене ауылының кітапханашысы Айгүл Елемесова ие болса, I орынды Өндіріс ауылынан Ба­­қыт Шайкенова, II орынды Баш­­көлден Люция Хамитова,  III орынды Глуховкадан Свет­лана Кружальская алды. Бар­­­лық кітапханашылар мақ­тау қағаздарымен және ба­ғалы сыйлықтармен марапатталды.

Раушан НҰҒМАНБЕК,

журналист

Шығыс Қазақстан облысы,

Бесқарағай ауданы