Аймақтар • 20 Тамыз, 2018

Атырауда 91 метрлік тутұғырдың кұрылысы басталды

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырауда 91 метрлік тутұғырдың кұрылысы басталды

Тутұғыр Жангелдин-Құлманов көшелерінің қиылысында орналасатын болады. Тутұғыр кешенінің аумағы 57 шаршы метрді, биіктігі 91 метрді қамтиды. Тутұғыр көлемі 112 шаршы метр болатын жаңа алаңда орналасады.

Сонымен қатар, тутұғырдың екі жағына екі субұрқақ салынады. Субұрқақтар бес деңгейден тұратын каскад түрінде жасалады.

Тутұғыр қаланың барлық жағынан көрінетін ең биік құрылыс болатыны сөзсіз. 91 метр жоғарыда орналасатын мемлекеттік ту қала сәнін келтіретін болады.

Айта кетейік, құрылыс жер пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдарынан төленіп, мемлекеттік жеке меншікке қайтарылған қолданбаған жер бөлігінде орналасады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше