Спорт • 20 Тамыз, 2018

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Индонезияда өтіп жатқан 18-ші Жазғы Азия ойындарында семсерлесуден алтын жүлдеге ие болған жерлес спортшы Дмитрий Алексанинге  құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

«Сіз бұл дүбірлі жарыста біздің облысымыздың өкілі ретінде үлкен жеңіске жеттіңіз. Сізге жеңіс жолында жұмсаған  ерік күшіңіз бен шеберлігіңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіз өзіңізге деген бапкерлеріңіз бен жанкүйерлеріңіздің үлкен сенімін ақтап қана қоймай, Отанымыз Қазақстанның спорттағы биік жетістіктерін әлемге паш еттіңіз», делінген облыс әкімінің жеделхатында.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше