Қазақстан • 20 Тамыз, 2018

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

2244 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (ҚР ҚАӨМ АК «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК) «Байқоңыр» ғарыш айлағының ғарыштық-зымыран қызметінің экологиялық қауіпсіздік мәселелері» тақырыбына арналған баспасөз туры өтті.

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

Баспасөз турдың ұйымдастырушылары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш) және «Ғарыш – Экология» ҒЗО» РМК. Аталмыш шара Қазғарыштың 25-жылдығын атап өту шеңберінде ұйымдастырылған болатын.

Іс-шара аясында БАҚ өкілдері ҚР ҚАӨМ АК «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК-ның аналитикалық зертханасымен танысты. Кәсіпорын зертханасы газ және сұйықтық хроматографтар, хроматомасс-спектрометрлер, атомдық-абсорбциялық спектрофотометр және т.б. заманауи өлшеу құралдарымен қамтылған.

Бас директордың орынбасары Бимағанбетова Алма зертхана қызметінің негізгі бағыттары жайлы айтып өтті. Ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру шеңберінде жаңа нормативтер әзірленіп және қолданыстағы нормативтер жетілдірілуде.Зымыран отынының компоненттерін өлшеуді орындаудың 8 әдістемесі әзірленді; гептил мен Т-1 зымыран керосинінің түрлену өнімдерінің 9 гигиеналық нормативі; гептил мен Т-1 зымыран керосинімен ластанған топырақтарды уытсыздандырудың технологиялық регламенттері әзірленді. Гептилді уытсыздандыру технологиясы 2013 ж. «Протон-М» зымыран тасығыш (ЗТ) апаттық ұшырылымының салдарын жою кезінде Роскосмос-пен сәтті түрде қолданылды.

Баспасөз тур барысында кәсіпорынның бас директоры, техника ғылымдарының докторы Жайлаубай Жұбатов «Байқоңыр» ғарыш айлағының нысандары орналасқан аймақтарға экологиялық мониторинг жүргізу» тақырыбында таныстырылым өткізді, мұнда зымыран-тасығыштардың ажырайтын бөліктерінің құлау аудандарының тіршілік ортасына баға берумен оларға және зымыран-тасығыштардың апаттық құлау аудандарының аймақтарына экологиялық мониторинг жүргізудің негізгі бағыттары, сондай-ақ зымыран-тасығыштардың ұшырылымдарын экологиялық сүйемелдеу жұмыстары туралы айтылды.

2002 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі кезеңде кәсіпорын ЗТ-лардың 158 ұшырылымын экологиялық сүйемелдеу жұмыстарына қатысты, олар: «Протон» ЗТ-ның 96 ұшырылымы, «Союз» ЗТ-ның 33 ұшырылымы, «Зенит» ЗТ-ның 11 ұшырылымы және ҚБЗ-ның 18 ұшырылымы», - деп атап өтті Ж.Жұбатов.

18 құлау ауданына іргелес аймақтардағы тұрғындардың өмір сапасы мен денсаулық сапасын ескерумен, олардың ғарыштық-зымыран қызметінің әсеріне қарсы экологиялық тұрақтылығына баға берілді.

Зымыран-тасығыштардың апаттық құлау орындарына экологиялық мониторингтің жүргізілуіне ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын қоршаған орта нысандарының зымыран отынының компоненттерімен қалдықтық ластану деңгейі бақыланып, олардың қалпына келу процестері бағаланып отырады. Іргелес аймақтарда орналасқан елдімекендердегі тіршілік ортасының күйі және тұрғын халықтың денсаулық күйі бақыланып отырады.

Экологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жұмыстарының нәтижелері толықтай кәсіпорынның геоақпараттық деректер қорында жинақталып сақталып отырады, аталмыш деректер қоры бүгінде шамамен 200 000 жазбаны қамтыған. Деректер қоры жыл сайын толықтырылып отырады. Ондағы ақпарат ғарыштық-зымыран қызметінің жағымсыз әсерін азайту бойынша шешім қабылдау үшін өзекті.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше