Қазақстан • 21 Тамыз, 2018

Жаңа жобаларды меңгеріп жатыр

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасына орай «Электрон­ды үкімет және мемлекеттік электрон­ды қызмет» атты оқу курс­тары жер-жерлерде ұйым­дас­тыры­лып жатқаны бар­ша­ға мәлім.

Жаңа жобаларды меңгеріп жатыр

Осы жоба арқылы Қазақ­стан халқының цифрлы жүйе бойынша білімін арттыру қажеттігі де туындап отыр. Жуырда осыған орай Семей қаласында семинар өтті. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, қала тұрғындарын интернет арқылы мемлекеттік қызмет түрлеріне тапсырыс беру мәсе­лесі қызықтырғандықтан, осы сал­аны меңгеру семинардың соң­ғы күніне орайластырылыпты. 

Қала әкімі аппара­ты­ның өкі­лі, семинарды ұйым­дас­тыру­шылардың бірі Ай­дана Ер­мұрат­қызының айтуын­ша, семинарға қарапайым тұрғындар қаты­сып отырғандықтан дәріс түрін­де емес, сұрақ-жауап түрінде өткізу­ді жөн санаған. Яғни алдымен тақырыпты түсіндіріп алған соң, жұртшылықтың сауалдарына назар салынады. Осы жерде бір-екі компьютер де бар екен. Сол арқылы жұмыс істеп көруге де болады. Мәселен, ХҚКО мамандары электронды қызмет үлгілерін, «Қазпошта» АҚ-ы өкілдері электронды сауда-саттықты, ал Семей қала­лық әкімдігінің мемлекеттік қыз­меткерлері «Ашық үкімет» тақырыбында семинарлар жүр­гізді. Тұрғындар барлығын зор ынтамен тыңдап, семинарға бір кісідей атсалысты.

Раушан НҰҒМАНБЕК, журналист

СЕМЕЙ