Қазақстан • 23 Тамыз, 2018

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасы жоғары білікті мамандар дайындау ісіне маңызды үлес қосып келе жатқанын атап өтті. 

«Жақында Назарбаев Университеті осы бағдарлама бойынша зерттеу жүргізді. Осы орайда бағдарламаның оң нәтиже беріп отырғаны аталып өтті», деді Мемлекеттік хатшы.

Болашақ бағдарламасының аясында кардиохирургия саласының түлектерімен 32 мыңнан астам тегін ота жасалды. Бір отаның орташа құны 300 мыңнан 10 млн теңгеге дейін өзгеріп отырады.

Сондай-ақ, отырыс барысында Білім және ғылым министрлігі Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімет берді. Комиссия шешімімен стипендия магистратурада, докторантурада оқитын, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілген 128 үміткерге тағайындалды.

Гүлшара Әбдіқалықова отырыс соңында «Болашақ» халықаралық стипендиясын тиімді іске асыруға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.