Бизнес • 24 Тамыз, 2018

Мақсат – отандық бизнесті өркендету

387 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыртқы факторларға тәуелді болмау үшін экономикадағы шағын және орта бизнес үлесін 50%-тен асыру қажет. Бұл жөнінде кеше Астана әкімдігінде «Бәсекеге қабілетті бизнес – бәсекеге қабілетті экономика» тақырыбында өткен жиында айтылды. 

Мақсат – отандық бизнесті өркендету

Аталған шарада мемлекеттік органдар өкілдері мен кәсіпкерлер бас қосып, бизнесті көркейтудің жай-жапсарын әңгімеледі. Мә­селен, қазақстандық бизнестің ха­лық­аралық деңгейдегі бәсекеге қабі­леттілігі сөз болып, қолайлы биз­нес ортаны қалыптастыру, инфра­құрылымға қолжетімділік, кадр­лар даярлау мәселесі қарал­ды. Сондай-ақ цифрлы жүйе­ге көшудің мән-маңызы, салада­ғы өзгерістер мен отандық бизнес­тің өркендеуі туралы айтылды. Министрлік өкілдері мен білік­ті сарапшылар отандық бизнес­тің өркендеуіне жол ашатын мәсе­лелерді саралады. Жиынға Ұлттық экономика министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, Страте­гия­лық бастамалар орталығы, Эконо­ми­калық зерттеулер инс­титу­ты және «Атамекен» кәсіп­кер­лер палатасы өкілдері, тағы басқалар қатысты.

Мұндай жиын еліміздің бас­қа да өңірлерінде өткізілген. Ұйым­дастырушылар бұл жолы ат басын Астанаға бұрды.

«Астана қаласы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көш бастап тұр. Әйтсе де, бизнестің үлесі әлі де аз. Неге үнемі рубльдің құл­дырауына, доллардың қымбаттауына тәуелдіміз? Неге сыртқы саясат­қа бағынышты болып отыр­мыз? Мұның барлы­ғы экономи­ка­мыздың тұрақсыз­дығын көр­сетеді. Ал тұрақты экономика болуы үшін тұрақты бизнес керек. Экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 50%-ке жеткен кезде ғана экономикамыз тұ­рақтанады. Ал қазір республи­ка бойынша бұл көрсеткіш бар бол­ғаны 27%-ті құрап отыр. Астана қаласы бойынша экономикадағы ШОБ үлесі 45%, бұл көрсеткішті арттыра түсу қажет», дейді Стратегиялық бастамалар орта­лы­ғының жобалар жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеев.

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»