Теннис • 24 Тамыз, 2018

Азиада-2018: Недовесов пен Данилина жұбы кезекті қола жүлдені жеңіп алды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисшілер үшін Азия ойындары аяқталды деп жазады Olympic.kz. 

Азиада-2018: Недовесов пен Данилина жұбы кезекті қола жүлдені жеңіп алды

Бүгін Анна Данилина мен Александр Недовесов жұбы жартылай финалда Таиланд құрамасына жол берді. Есеп – 1:2. 

Тартысты өткен кездесуде жеңімпаз тай-брейк арқылы анықталды. 

Джакарта мен Палембангтағы Азия ойындарында Қазақстан теннисшілері бір күміс, екі қола медаль жеңіп алды. 

 

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі