Қазақстан • 28 Тамыз, 2018

Мәдина Әбілқасымова өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді заңдастыру бойынша есеп берді

609 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді заңдастыру бойынша есеп берді. 

Мәдина Әбілқасымова өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді заңдастыру бойынша есеп берді

Отырысы барысында Мәдина Әбілқасымова есепке алынған жұмыскерлерге тоқталып өтті. 

«Бүгінде 1 миллион 385 мың адамның мәртебесі нақтыланды. Олардың ішінде 548 мың жұмыскер еңбек шартын жасап, міндетті зейнетақы жарналары түсе бастады. 13 мың кәсіпкер өз қызметін ресми түрде тіркеді. 22 мыңнан астам адам азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер, үй жұмыскері және шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер ретінде анықталды. 17 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркелді. 84 мың адам әлеуметтік төлемдерді, ал 19 мың адам атаулы әлеуметтік көмекті алушы ретінде тіркелді. 29 мың әйел жүктілікке байланысты есепке қойылды. 8,7 мың адам үш жасқа дейінгі баласына күтім жасап отыр», деді Мәдина Әбілқасымова. 

Сондай-ақ, 642,5 мың адам үй шаруасындағы әйелдер, студенттер, тыс жерлерге кеткен адамдар 18 жастан асқан мектеп оқушылары ретінде және басқа санаттар бойынша нақтыланды. Дерекқорларда қайталанатын жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН), мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталып  қайта жаңартылды. Оның сөзіне қарағанда, 25 тамыздағы жағдай бойынша дерекқорларда нақты әлеуметтік мәртебесі жоқ азаматтардың саны 1 миллион 320 мың адамды құрады. Осылайша, министр Әбілқасымова бүгінгі жоспардың тең жартысын орындадық деп отыр.

Аталған құжат 2018-2019 жылдарға есептелген. Оған сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерді ресми түрде тіркеп, xалықты әлеуметтік қорғау жүйесімен барынша қамту көзделген. 

Соңғы жаңалықтар