Қазақстан • 29 Тамыз, 2018

Алматыда «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы технологиялар» атты семинар-кеңес өтті

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының білім беру мекемелерінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту мен білім саласындағы мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру үшін Алматы қаласының білім басқармасы мен «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі бірлесіп «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы технологиялар» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Алматыда «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы технологиялар» атты семинар-кеңес өтті

Шараға қаладағы орта білім беретін ұйымдар, мектептер мен колледж басшылары қатысты. Кездесу барысында «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А.Токушев талдаулар нәтижесіне қатысты 18 ұсыныс енгізіп, оның ішінде колледж, мектеп қызметкерлері мен студенттерге сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттарды бекіту, мектептердегі салымдарды жинауды доғару, мемлекеттік қызмет сапасын жоғарылату мәселелерін талқылады.

Семинар аясында «Sanaly urpaq» жобасы шеңберінде академиялық адалдық және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекеттерді күшейте отырып, білім беретін ұйымдарда  бағалау жүйесін қалыптастыру ұсынылды. Болжам бойынша бағалау жүйесі жыл сайын өткізілетін болады. Ал оның  нәтижесіне орай қалыптасатын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы рейтинг орта мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының әрқайсысына жекелей жүргізілетін болады.

Семинар соңында Алматы қаласының білім беру басқармасы басшысының орынбасары Л.А.Жылқыбаева мектеп және колледж директорларына өз қызметтерін академиялық адалдық қағидасына сүйене отырып жүзеге асыру міндетін тапсырды.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар