Кино • 30 Тамыз, 2018

Almaty Film халықаралық фестивалі С.Еслямова басты рольді сомдаған фильммен ашылады

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қыркүйекте Алматыда жаңа Халықаралық кинофестиваль шымылдығын түреді. Бұл шара қала әкімдігінің бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 

Almaty Film халықаралық фестивалі С.Еслямова басты рольді сомдаған фильммен ашылады

Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рөлді ойнаған Самал Еслямова Канн киновестивалінде ең үздік әйел ролі номинациясымен марапатталған болатын. Биыл алғаш рет Алматыда ұйымдастырылып жатқан Almaty Film халықаралық фестивалі дәл осы фильммен ашылады.

«Бұл кинофестивальдің мақсаты – Қазақстан киноиндустриясына халықаралық жобаларды тартып, Алматының мәртебесін әлемге таныту» дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға 10 фильм қатысады. Олар «Үздік режиссер», «Үздік актер», «Үздік актриса» аталымдары бойынша марапатталады.

Конкурстан тыс 21 фильм көрермендер назарына ұсынылады. Үздіктерді отандық және шетелдік киномамандардан құралған қазылар алқасы сарапқа салады. Сонымен қатар халықаралық кинофестиваль барысында «Тұлпар» ұлттық сыйлығы табысталады.

Кинофестиваль аясында көрсетілетін киноларды алматылық көрермендер тегін тамашалай алады.

«Біз Халықаралық жоба арқылы шетелдік әріптестерімізді Алматы мен Алматы облысы аумағында бірлесіп кино түсіруге тартқымыз келеді. Бұл бірінші кезекте жекеменшік киноға үлкен қолдау болар еді. Сондай-ақ, халықаралық деңгейге шығуға, отандық киноиндустрияны дамытуға үлкен мүмкіндік», дейді «Almaty Film Festival» президенті Ақан Сатаев.