Әлем • 31 Тамыз, 2018

АҚШ Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығуы мүмкін

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығуы мүмкін

Дональд Трамп «Дүниежүзілік сауда ұйымынан шығамын», деп мәлімдеді. Американың БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Трамп осыған қатысты заң жобасын енгізу арқылы ұйымның талаптарын орындаудан құтыла алады.

Егер де құжат мақұлданса, президент сырттан келетін тауарларға бір жақты түрде салық сала алады. Сонымен қатар жаңа норма Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі принциптерін ескермеуге құқық береді. Ол дегеніңіз «мемлекет ұйым құрамынан шықты» дегенді білдіреді.