Спорт • 31 Тамыз, 2018

Азиада-2018: Гүлжан Исанова дзюдодан қола жүлде алды

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гүлжан Исанова Индонезияның Азия ойындарында 78 келі салмақ санатында қола медальды еншіледі, деп хабарлайды Sports.kz.

Азиада-2018: Гүлжан Исанова дзюдодан қола жүлде алды

Гүлжан Исанова Мөнктуя Баттұлғамен күш сынасып, 10:0 есебінде жеңіске жетті. Ал бұған дейін Қытай Тайбэйінің өкілі Цзявэй Цхайды жеңіп, жартылай финалда жапониялық Акира Сонадан ұтылып қалған болатын.

Қазақстан құрамасының жалпы медаль саны  61-ге жетті. Қоржынында әзірге 11 алтын, 11 күміс, 39 қола медаль бар.