Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2018

Мажарстан Түркі академиясы халықаралық ұйымына бақылаушы мәртебесін алды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің жиынында Мажарстан ресми түрде TWESCO-ға бақылаушы мәртебесіне ие болды, деп хабарланды Түркі Академиясының ресми сайтында.

Мажарстан Түркі академиясы халықаралық ұйымына бақылаушы мәртебесін алды

Жиында Сыртқы істер министрлері Мажарстанға TWESCO-ға бақылаушы мәртебесін беретін және Академияның бірқатар құрылтайшы құжаттарына да қол қойды. Осылайша түркі әлемінің ғылыми-интеллектуалды орталығы саналатын TWESCO қанатын кеңге жайып, аймақтық интеграция ауқымынан шықты. Ұйымға Мажарстанның бақылаушы ретінде қатысуы TWESCO-ны тұтас құрлықты қамтитын халықаралық ұйымға айналдырып отыр.