Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2018

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі өз жұмысын бастады

866 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі өз жұмысын бастады

Бүгін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі өз жұмысын бастады. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Түркияда орналасқан. Кеңес құрамына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия елдері кіреді. Құрылым құрамына Солтүстік Кипр мен Түрікменстан енбейді. Кипрдің «жартылай мойындалған» мемлекет болуы оған басты себеп. Ал Түрікменстанның ұйымға қосылуы туралы мәлімдеме 2014 жылы Бодрумде айтылған болатын. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы құрылған. Ұйымның негізін Қазақстан, Түркия және Әзербайжан елдері қалаған.