Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2018

Батыс Қазақстанда бес ауылға таза су жетті

582 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында бес елдімекенде таза ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. Өңірде соңғы екі жыл ішінде 110 ауыл осындай игілікке қол жеткізген.

Батыс Қазақстанда бес ауылға таза су жетті

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында бес елдімекенде таза ауыз су жүйесі пайдалануға берілді. Өңірде соңғы екі жыл ішінде 110 ауыл осындай игілікке қол жеткізген.

Қаратөбе су қоры көзінен Үшана ауылына дейінгі елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы 2017 жылы басталған еді. Шалғай ауылдардың өзін орталықтандырылған су жүйесімен жабдықтау ісі сәтті жүрді. Былтыр мамыр айында басталған жұмыс биыл тамызда толық аяқталды. Жаңа жүйені тапсыру салтанатты мерекеге ұласып, халықтың қуанышымен бөлісуге Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов арнайы келді.

– Елдімекендерді таза ауыз сумен қамту – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасы. Елбасы Жолдауды жүктеген міндетті орындау мақсатында бүгін Қаратөбе ауданында 5 ауылға орталықтандырылған таза ауыз су құбырын тартып отырмыз. Өңірлерді дамыту бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты аясында екі жыл ішінде облыста 2 мың шақырым су құбыры тартылып, 110 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілді,- деді өңір басшысы.

Қаратөбенің бес ауылын қамтамасыз еткен су құбыры жобасына 915 041 96 млн. теңге бюджет қаржысы жұмсалған. Желінің жалпы ұзындығы 130 шақырымға жуық. Осы іс аясында 4231 тұрғын таза ауыз сумен қамтылып, 823 нысанға таза су құбыры тартылған.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы

Суреттерді түсірген Райымбек АБАЕВ