07 Қыркүйек, 2018

Бірыңғай жиынтық төлемі енгізіледі

603 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір көп адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Кө­біне жеке кәсіпкер ретін­де тір­кел­местен жұ­мыс істе­ген­дік­тен, олар әлеу­мет­­тік және медициналық сақтан­дыру, зейнетақы жүйелеріне қатыса алмайды.

Бірыңғай жиынтық төлемі енгізіледі

Бұл тіркелу процесінің қиындығы мен салық сал­ма­ғының ауырлығымен түсіндіріледі. 

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі же­ңілдетілген тіркеу режимін – Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу бастамасын ұсы­нып отыр. 

Енді жалдамалы қызмет­кер­лер­дің еңбегін пайдалан­бастан жеке тұлғаларға қыз­мет көрсететін, жеке ша­руашылығындағы ауыл ша­руашылығы өнімдерін сататындар айына бір рет - қалада 1 АЕК, ауылда 0,5 АЕК көлемінде ақшалай аударымдар жасайды. Сонымен бірге азаматтар осы бір төлем ауқымында әлеуметтік қыз­мет­тің толық пакетін алады. Бұл – медициналық сақ­тандыру, зейнетақы аударымдары, әлеуметтік сақтандыру.

БЖТ-ін төлеу автоматты түрде қызметті тіркеу деген сөз, тиісінше, аударымдар кө­шірілмесе қызмет те тоқ­та­тылады.

БЖТ-ін банк және терминалдар арқылы төлеуге болады.