Бокс • 08 Қыркүйек, 2018

Головкин өз есімі жазылған жаңа өнімді таныстырды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Геннадий Головкин жақын арада сатылымға GGG брендімен жаңа өнім шығарады. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында жазды.

Головкин өз есімі жазылған жаңа өнімді таныстырды

«#GGG-дің жаңа өнімі дайын және таяу уақытта сатылымға түседі», - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Jordan бренді Nike компаниясымен бірлесіп, мексикалық боксшы Сауль Альвареспен рематчы алдында Геннадийдің есімі жазылған жаңа атрибутиканы шығарған болатын. Олар: «GGG» және «GGG No Draw» («Тең ойын болмайды») жазуларымен алдында сырмасы бар жемпір, бейсболка және екі ақ жейде.

Головкин мен «Канелоның» екінші айқасы алдағы 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Айқасты отандық екі телеарна тікелей эфирден көрсетеді.