Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өскеменде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шетелдің белді археологтері арнайы шақырылған конференция жұмысына Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, академик Ғарифолла Есім бастаған мәртебелі меймандар қатысты. 

Егемен Қазақстан
10.09.2018 1222
2

Үш жылда 19 мыңнан астам артефакт табылды

Өскемен қаласындағы Орта­лық мәдениет үйінде өткен «Ал­тай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғы­лы­ми-тәжірибелік конференция­да Шығыс Қазақстанда үш жыл­ға созыл­ған археологиялық қаз­ба жұ­мыс­­тарының алғашқы қо­ры­­т­ын­ды­лары шығарылды. Кон­­фе­рен­­цияның ашылуында сөй­ле­ген беташар сөзінде об­лыс әкі­мі Даниал Ахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен қолға алынып, іске асыры­лып жатқан «Рухани жаң­ғыру» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы хал­­қы­мыздың бай мә­де­ни м­ұра­­сын тануға жол аш­қан­ын,  бағ­­дар­лама шеңберінде елі­міз­дің білікті археологтері Зей­нолла Самашев, Әбдеш Төлеу­баев пен Карл Бай­пақов­тың жетек­­­ші­­лігімен об­лыс аума­ғында ауқым­ды жұмыс ат­қа­рыл­­­­ғанын атап өтті. Ай­мақ бас­­шы­­сы­ның айтуынша, бағ­дар­­ла­ма іске асырылған кезең ішін­­де, яғни үш жылда есім­дері елге танымал археологтер Берел мен Еле­ке сазы, Шілікті қор­ған­дарын­­да, сон­дай-ақ Аблайкит будда ғибадат­хана­­сын­да қазба жұмыс­тарын жүр­гізіп,  жалпы саны 19 мыңнан ас­­там көне артефакт тауыпты.

Халықаралық конференция­да сөз алған Президент Әкім­шілігі Ішкі саясат бөлімінің мең­геру­шісі Аида Балаева бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­ма­сының арқасында тек қазақ ұлты­ның ғана емес, түбі бір түр­кі жұрт­­­­тарының тарихи және мәде­ни мұра­сын сақтау, насихат­тау ба­ғы­­тын­да жүйелі жұмыс ат­қа­­­ры­­лып жат­қанына тоқтал­ды. «Шы­ғыс Қазақстан облы­сында жүр­­­гізілген бірегей археоло­гия­­лық қазба жұмыстары бары­сында табылған баға жетпес мол мұра ата-бабаларымыздың тұр­мыс-салты, әдет-ғұрпы, мәде­ниеті, дүниетанымы, наным-сені­мі тура­лы білімімізді терең­детуге мүм­кіндік береді. Біз осы бас­тал­­ған істі одан әрі жалғас­ты­рып, өзге түркітілдес елдермен ара­­­дағы қарым-қатынастарды нығай­­та беруіміз қажет. Қазақ Алтайы­нан табылған бұл көне мұра­лар тарих саласында сенсация жасап, төл мәдениетімізді байы­та түскені анық. Десек те ар­хео­­лог­теріміздің алдында әлі де атқарылар ұшан-теңіз жұмыс тұр. Жуырда Ыстықкөл жағасында өткен Түркі кеңесінің VI саммитінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ор­тақ тарихымызды түркітілдес ел­дер­дің бірлесе зерттеуі, мемлекет­тер арасында мұрағаттық ақпа­рат алмасу жөнінде ұтымды ұсы­ныс­тар айтып, оны өзге әріп­тес­тері қызу қолдаған болатын. Сол себепті бұл іске шетел­дік ғалым­д­ардың жан-жақты ат­са­лыс­қаны абзал», деді Аида Балаева. 

 

Өскеменде Археология музейі бой көтереді

Мәдениет және спорт ми­нистр­лігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының «Киелі Қазақстан» жобасы аясын­да рес­пуб­лика деңгейінде 100 орын­ның және жергілікті дең­­гейде 456 орынның таңда­лып алын­ғанын, сол 100 орын­ның 13-і, ал жергілікті маңыз­дағы киелі орын­­дардың 26-сы Шығыс Қазақ­станда екендігін атап көрсетті. Сонымен қатар еліміздің құнды мұраларын дәріптеу бағытында өңірде атқарылып жатқан жұ­мыстарға көңілі толатынын жет­кі­зіп, осы үшін облыс әкімі Даниал Ахметовке алғысын біл­діріп, «Рухани жаңғыру» төсбе­л­гісін табыс етті.  

Басқосуда «ТҮРКСОЙ» ха­лық­­ара­лық ұйымының бас хат­­шы­сы Дүйсен Қасейінов пен ака­д­емик Ғарифолла Есім ха­лық­ара­­лық конференцияның ма­ңызы мен мәні жайында өз ой­ларын ортаға салды. Конферен­ция барысында кезінде шетелден келген археологтер құнды баяндамалар жасады.  Чехиялық Павел Фле­гон­тов ғұндар мен түркі­лер­дің гене­тикалық туыстығы, гер­мания­лық Антон Гончаров қола дәуірін­дегі Асқаралы кені­ші­нің ерек­шел­іктері, түркия­­лық Эмре Севинч қорымдардағы жар­тас суреттер, франциялық Марк-Оливер Перу будда діні­нің Алтайға жетуі туралы жеке зерт­теу­лерімен бөлісті. Шара кезінде өңір­де тағы да қазба жұмыстарын жалғас­тыру үшін 2019-2021 жылдарды қамти­тын бағдарламаның екінші кезеңі жасалатыны, Өс­ке­мен­дегі облыстық тарихи-өлке­­та­ну музейінде қазба мұра­ла­рын түбе­гейлі ғылыми зерттеу­мен шұ­ғы­лданатын заманауи зерт­­хана құрылып, Археология музейі са­лы­натыны жайында да айтылды.

Өскеменде өткен «Алтай – түр­кі әлемінің алтын бесігі» ат­ты ха­лық­аралық ғылыми-тәжі­ри­белік конференциясынан ке­йін Президент Әкімшілігі Ішкі сая­сат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева бастаған мәрте­белі меймандар облыстық тари­хи-өлкетану музейін аралап, он­дағы құнды жәдігерлермен танысты. Мұнда келушілер наза­рына облыстың археоло­гия саласында үш жыл бойы жүр­гізілген ғылыми-зерт­теу жұмыстарының кей­бір нәтижелері ұсынылды. Мәсе­лен, «Ата-бабаларымыз­дың ал­тыны» деп аталатын залда экс­­позицияға Шілікті, Берел, Елеке сазы қорымдарының, со­ны­мен қатар Аблайкит ғиба­да­т­­ханасының орнынан олжа­ланған экспонаттар қойылыпты. Осы ретте Тарбағатай ауданы­ның Елеке сазы жайлауын­дағы қазба жұмыстары кезін­де табылған жәдігерлерге де тоқталған орынды. Бірнеше айға жалғас­қан іздестіру жұмыстары нә­ти­жесінде Елеке сазынан то­нал­­май сақталған  «Алтын адам» табылған-ды. Қонақ­­тарға осы құнды жәдігер жайын­да кеңінен баяндалды. Өз кезе­­гін­­де өңір бас­шысы Даниал Ах­ме­тов сақ хан­задасының сүйе­г­ін рес­тав­ра­­циялау жұмыс­тары­на мін­­детті түрде қаржылай қол­дау көр­сетілетінін, алдағы жылы об­лыс көлеміндегі қазба жұмыс­тары бұдан да ауқымды болатынын жеткізді.

 

«Шілікті мәдениеті» ұғымын енгізуіміз қажет

Тамырлы тарихымыз бен құн­­­ды мұ­ра­ларымызды ұлықтау мақ­­сатында дәстүрлі түрде өт­кі­зіліп келе жатқан маңызды жиын басталмас бұрын алыс-жа­қыннан ат арытып келген қонақ­тар облыс орталығындағы «Үлбі» мәдениет сарайында «Алтын адам» деген тақырыппен қойыл­ған шағын көрмені тамашалады. Бұл жерде Зайсан ауданындағы Шілікті жазығынан «Алтын адам» тапқан археолог Әбдеш Төлеубаев конференция қонақтарына құнды жәдігердің жаң­ғыртылған көшір­месін көр­сетіп, оның ерек­­ше­ліктерін әңгі­­мелеп берді. «Бұл «Алтын адам­ның» бойын­да бірде-бір деталь ойдан құ­рас­­ты­­рыл­­маған. Бар­лық алтын бұ­йым­дар қазба жұ­мыс­тары кезін­де табылды. Еуразия кеңіс­тігін­де Шілік­тінің «алтын адамынан» көне эли­тар­лық қорым жоқ. Шілік­ті­нің алтыны – құйма алтын. Мұнымен жасы бойынша ше­н­десе алатын көне алтын тек Тыва жерінде табылған. Оның өзі Шіліктіден жеткен жұрнақ деуге болады. Берел, Пазырық қорымдары да, Қарқаралы мен Аралдан табылған қорымдар да, Жетісудың Бесшатыры мен Есік қорғаны да осы Шілікті мә­де­ниетінің жемісі. Осыны ес­кере отырып, Еуразия тарихы­на «Шілікті мәдениеті» деген ұғым енгізуіміз қажет. Бұл «Алтын адамның» алғашқы көшір­месі Ұлттық музейге қо­йыл­ған. Мы­нау одан да жетілді­ріл­ген түрі.  Дәл осындай тағы бір кө­шірме Алакөлдегі музейге қо­­йы­ла­ды. Осы екі көшірмені Шығыс Қазақ­стан облысы өз бюд­­­жеті­не жа­сатты», дейді археолог.

Бұдан кейін меймандарға Берел мен Аблайкиттен табылған жәдігерлер таныстырылып, об­лыс­тық туризм және сыртқы бай­ланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев «Рухани жаңғыру» және «Кие­лі Қазақстан» бағдарламалары ая­сында өңірде жүзеге асырылып жатқан туристік жобалар туралы жан-жақты мағлұмат берді. Оның айтуынша, құнды мұра­ларымызды жас ұрпаққа насихаттау мақсатында мектепке дейінгі балаларға Шығыс Қазақ­станның киелі орындары туралы аңыз-әңгімелер жинағы құрас­тырылып, оқушыларға арнал­ған туристік маршруттар дайын­далыпты. Биыл  жазда аймақтың 2500 оқушысы Жиде­бай, Шілікті секілді өңірдің киелі жерлерін аралады. Ал ересектерге арналған 20 туристік бағыт ашылды. Ж.Сәрсебаев сонымен қатар «Тарихи жол» деп аталатын мобильдік жүктеме әзір­ленгенін, бұл жүктемеде 20 турис­тік орын туралы барлық ақ­парат берілгенін, осындай жұ­мыс­тардың арқасында өңірде турис­тер саны еселеп артып келе жат­қанын, 2015 жылы бір ғана Берел қорымына 1,5 мың адам келсе, былтыр бұл көрсеткіш 10 мың­ға жеткенін тілге тиек етті.

Туристік әлеует туралы әңгі­ме­ні әрі қарай өрбіткен облыс әкімі Даниал Ахметов Алакөл­дің жағалауы келешекте Түр­киян­ың жағажайларымен бәсе­кеге түсе алатынын айтты. «Біз Алакөл­дің суын зерттеу үшін сегіз нүктесінен сынамалар ал­дық. Зерттеу нәтижесі бізді таң­ғал­­дыр­ды. Алакөлдің суы түгел ши­па­лы екен. Ондағы родон мөл­­шері емдік қасиетке ие. Енді тек адам­дарға жайлылық ұйым­да­с­тыру ғана қалды. Бұл бойынша да қыруар шаруа тындырылды. Әлі де көп жұмыс істейміз. Келер жылы Алакөлге бір миллион турист тартсақ деп отырмыз. Оған толық мүмкіндік бар», деді өңір басшысы. 

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

22.09.2018

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

21.09.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша жоба әзірленді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу