Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2018

Қызылордада жатақхана мен мектептер салынады

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жатақханалар мен мектептер салынады.

Қызылордада жатақхана мен мектептер салынады

Елбасының бес әлеуметтік бастамасындағы тапсырмалардың орындалу жайы облыста өткен семинар-кеңесте талқыланды.

Бүгінде басқа өңірлер сияқты Қызылорда облысында да білім ошақтарына қабылданатын оқушылар саны көбейгендіктен осы қадам жақсы жағынан көрініп жатыр.

– Келер жылдан бастап «Білім туралы» заңдағы алты жастан баратын балалар нормасы күшіне енеді. Ол кезде үш ауысымдық мектептердің туындау қауіпі бар. Енді біз мұны мемлекет тарапынан қойылып отырған талап – жекеменшік мектептерді дамыту арқылы шешеміз, деді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Меделбекова.

Сол сияқты жатақхана мәселесі де шешімін табатын болады.

– Мемлекет тапсырыс арқылы әр жататын орынға жаңа құрылыс болса 122 айлық есептік көрсеткіш төлейді. Ал, модернизацияға, болмаса қайту құру, реконструкция тәсілімен жасалатын болса 47 айлық есептік көрсеткіштер студент басына төленеді. Одан басқа жатақханаларды біз бұрынғы жатақхана ұғымында емес, қазіргі жаңа ұғымда студенттік үйін жасау керек деп ұсыныс айтып жатырмыз,-дейді «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі орталығы», деді АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Матаев..

Мемлекет үшін өзекті мәселеден кәсіпкерлердің де ұтатыны көп. Біріншіден, мемлекеттің дамуына үлес қосса, екіншіден, тапқан қаржысы өзіне еселеп табыс әкелмек.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.