27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1313

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 9 қараша,     Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 924 және «Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы» 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 924 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 477-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесінде: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес әзірленді және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру тәртібін айқындайды.»; 2) «Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулысында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Президенттің Күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті оны орындау жөніндегі құзыретті органдар болып табылатынын хабарласын.». 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар тізбесінің өзгергендігі туралы хабарласын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.