Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2018

Нұрлан Ноғаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» меморандумға қол қойды

408 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл бастама облыстың 2000 тұрғынына өз үйлерін арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 172,6 мың шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік  коммуникациялар қызметі.

Нұрлан Ноғаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» меморандумға қол қойды

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова және «Атырау» ӘКК басшысы Марат Түсіпқалиев Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл келісімшарт бойынша 2019 жылы тапсырылатын 297 пәтерге арналған 4 нысанның құрылысы салынатын болады.  Бұдан басқа Атырау облысының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сәлем жолдай отырып, облыс тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп берді.

- Қазіргі таңда облыста 3 мың пәтерлі 44 көпқабатты үй салынады. Жылдың соңына дейін 2000 пәтерге арналған 34 көп қабатты үй пайдалануға беріледі. Айта кету керек, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасына қызығушылық танытып, жыл басынан бері 59 өтінім қабылданды, оның 34-і бекітілді,- деді облыс әкімі.

Бұдан басқа, жасалған меморандумдар аясында «Нұрсая» ықшам ауданында 100 пәтерлік тұрғын үйлер құрылысы тұрғызылады. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұрсая» және «Береке» аудандарында 21 тұрғын үй салынатын болады.

«Нұрлы жер» бағдарламасының тағы біреуі Талғайран тұрғын ауданында 80 жеке меншік үй салынады. Олардың ауданы 64 - 191 шаршы метр, үйлері бір және екі қабатты. 
1 шаршы метрдің тұрғын үй бағасы - 120 000 теңге.

Сонымен бірге әлеуетті сатып алушылар жер учаскесін алу үшін жергілікті әкімдікте болуға тиіс.

«Нұрлы Жер» бағдарламасының қатысушысы болу үшін және  тұрғын үйді сатып алу үшін ДССБ есебінде  20%  бастапқы жарна жеткілікті. Егер 1 бөлмелі пәтердің құнын 7 миллион теңге деп алатын болсаңыз, онда депозитке 1,4 миллион теңге жинау керек. Содан кейін банк жеңілдетілген несиені жылдық 5% мөлшерінде береді , -деп мәлімдеді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова.