27 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1327

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 11 қараша,   Астана, Үкімет Үйі «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы №181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы №181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №21, 268-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; 1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.