Спорт • 13 Қыркүйек, 2018

Есенбек Сиғуатов  грепплингтен тұңғыш Әлем чемпионы атанды

615 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жерлесіміз қатысқан Әлем чемпионаты 6-10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтті , деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Есенбек Сиғуатов  грепплингтен тұңғыш Әлем чемпионы атанды

Астанада грепплинг күресінен өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатынан қос спортшымыз жеңіспен оралды.

46 келі салмақ дәрежесінде Есенбек Сиғуатов әлем чемпионы атанды. 11 сынып оқушысы алғашқы кездесуінде ресейлік қарсыласын тізе бүктірді. Жартылай финалда қазақстандық отандасымен жолықса, финалда венгриялық спортшыны ұтып, жасөспірімдер арасында Атыраудан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды.  

50 келі салмақта 13 жасар Арсен Ризуанов күміс жүлдеге ие болды. Іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, жартылай финалда Француз балуанын ұтты. Тек, ақтық бәсекеде ресейлік қарсыласына есе жіберіп алды. Ересектер арасындағы сайыста Тыныс Бисалиев қола жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар