Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2018

Атырауда оқушыларға арналған тегін IT-сынып ашылды 

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқушылар орталығында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен IT-сынып  ашылды,  деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда оқушыларға арналған тегін IT-сынып ашылды 

Облыстық «Нұр Отан» партиясының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, балаларға арналған тегін ІТ-сыныптарын іске қосу үшін негізгі оқыту бағдарламасы ретінде британдық «Love to code» бағдарламасының халықаралық білім франшизасын пайдалануда. Әр сыныпта дәріс беретін мұғалімдер болады. Олар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында ашылған «ІТ-мамандарын даярлау орталығында»  арнайы дайындықтан  өткен. 

- «Нұр Отан» партиясының бастамасымен балалар үшін IT-сыныптың ашылуы елдің бас партиясының ерекше қамқорлығы деп білемін. Бұл заман талабына сай ашылған арнайы сыныпта 8 жастан 16 жасқа дейін балалар оқытылады. Қазір арнайы кесте жасақтадық. 6 топта 12 баладан оқытылады», - дейді оқушылар орталығының директоры Айзада Түсіпқалиева.    

Айта кетейік, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған  жоба аясында Атырау облысында биыл 10  ІТ-сынып ашылды.