Технология • 17 Қыркүйек, 2018

Алматыда XVI Азия Сапа Желісі Конгресі 2018 өтеді

375 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ағымдағы 2018 жылы Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласында XVI Азия Сапа Конгресі болады.

Алматыда XVI Азия Сапа Желісі Конгресі 2018 өтеді

 Конгресс девизі - «Ақпараттық технологиялар дәуіріндегі Сапалы Көшбасшылықтың болашағы».

Қазақстан Сапа және Инновациялық менеджменті ұйымы (ҚСИМҰ), «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Азия сапа желісі (Asian Network for Quality) ұйымдастырушылары болып табылады.

Конгресс жұмысына қатысу үшін Азияның, АҚШ-тың және Еуропаның 20 елдерінен 200-ден артық өкілдері тіркелді. Олардың ішінде әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары мен оқытушылары, көптеген елдердің ұлттық сапа ұйымының өкілдері, сондай-ақ бизнес-құрылымдардың менеджерлері мен мамандары бар.

Негізгі баяндамашылар ретінде дүние жүзіне белгілі гуру және сапа менеджменті саласындағы кәсіпқой мамандар шақырылды: профессор Noriaki Kano (Жапония), Claes Berlin (Швеция), Elizabeth Keim (АҚШ), проф. Mohamed Zairi (Ұлыбритания), Juhani Antilla (Финляндия), проф. Wan-Seon Shin (Оңтүстік Корея) және тағы басқалары. Осы Конгресс қатысушыларды компанияларды ең озық басқару тұжырымдамасымен таныстыруға, көшбасшылыққа қол жеткізу, бәсекеге қабілеттілік саласында үздік дүниежүзілік практикалық тәжірибесі туралы ақпарат пен білімді таратуға және ұлттық компаниялар үшін халықаралық мойындауға, сондай-ақ олардың өнімдері мен көрсететін қызметтеріне бағытталған.

2002 жылы құрылған Азия сапа желісі (ANQ) Азияда негізгі миссиясы ғылым мен техниканың прогресіне көмектесу, өнеркәсіптің дамуы мен адам өмірінің сапасын жақсарту болып табылатын жетекші үкіметтік емес коммерциялық емес өңірлік ұйым болып табылады. Оған Азияның 17-ден артық елдерінің Ұлттық сапа ұйымдары кіреді, олардың ішінде: Қазақстан, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Сингапур, Жапония, Таиланд және басқалар. Азия сапа ұйымын құрудың бастамашысы сапа жөніндегі дүние жүзіне белгілі гуруы, Токио Университетінің атақты профессоры – Нориаки Кано.

Азия сапа желісі шеңберінде бизнесті басқарудың жаңа модельдері, сапаны басқару саласындағы жетекші азия компанияларының жетістіктері ұсынылатын жыл сайынғы конгрестер өткізіледі. Конгресс шеңберінде Азия сапа желісінде өткізілетін халықаралық сапа конкурстарының қорытындысы жасалады, сондай-ақ өнім және қызметтер сапасы, персонал менеджменті, әлеуметтік жауапкершілік саласында үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін мамандар мен ғалымдарды марапаттайды. Ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың марапат алуы олардың еңбегін халықаралық деңгейде мойындауды білдіреді.

Осы іс-шараға қатысу үшін Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі отандық компаниялар Конгресс кәсіпорындарды басқаруда, өз қызметінде инновацияларды пайдалануда озық білімі мен тәжірибесімен алмасу үшін мүмкіндік береді деген ұғым болғандықтан, үлкен қызығушылық танытып отыр, болашақта өнім мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді деген нақты жорымал жасайды.

Конгресс 2018 жылдың 19-20 қыркүйегінде Қазақстан, Алматы қаласы, «Интерконтиненталь» қонақ үйінде өтеді. Конгресс шеңберінде Алматы қаласының өндірістік кәсіпорындарына техникалық барлау ұйымдастырылады.

Конгресс шеңберінде әртүрлі мемлекеттердің кәсіпорындары мен ұйымдары арасындағы ынтымақтастыққа көмектесу мақсатында қазақстандық өндірушілердің көрмесін өткізу жоспарлануда.

Келесі 17-ші Азия Сапа Конгресі ANQ - 2019 Бангкокта (Таиланд) өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51