Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

Көрме атыраулықтарға 2 ай бойы  жәдігерлерін таныстырады, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Егемен Қазақстан
18.09.2018 7947
2

Бүгін облыстық  Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің басшысы, Тұңғыш Президент – Елбасы Кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков,  Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, өңірдің зиялы қауым өкілдері мен студент жастары қатысты.

Жиында сөз алған Маxмұд Қасымбеков Атырау жеріне Елбасының арнайы тапсырмасымен келгенін атап өтті.

- Қасиетті Атырау жеріне үлкен тариxи маңызы бар құнды жәдігер алып келдік. Біз бүгін  Президент Н.Назарбаевтың көшпелі музейін таныстырғалы отырмыз. Көрмеде 1000-нан аса құнды жәдігерлер мен қолжазбалары, 50-ден аса мемлекет табыстаған марапаттар бар. Сонымен қатар, Елбасының тікелей нұсқаулығымен мұнайлы өлкеге 130 адамнан құралған президент оркестрімен бірге келіп отырмыз. Бұл Елбасының Атырау жұртшылығына арнайы сыйы,- дейді Мемлекет басшысы кеңсесінің басшысы.

Көрменің негізгі мақсаты – Кітапхана жинақтары негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тәуелсіз Қазақстанның тарихи өміріндегі рөлін жүйелі түрде кеңінен көрсету.

Көрме төрт бөлімнен тұрады:
1. Елбасы жолы.
2. Елбасы феномені.
3. Әлем таныған Елбасы.
4. Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі.

Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сөз алып, атыраулықтарды көрмені тамашалауға шақырды.

-Тәуелсіз Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев - егіз ұғым. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізбей тұрып, болашағын сараптай алмаған кезде Елбасымыз жеке жауапкершілік алып, барлық қазақстандықтар қолдауымен әлемдік қауымдастықта өз орны бар мемлекетімізді құрған болатын. Осы кезеңдерде президентіміз өз көрегенділігімен талай сындарлы сағаттардан өтті. Бүгінгі бейбітшілігіміз сол еңбектің жемісі. Көрме барысында Елбасы туралы бұрын-соңды беймәлім болған ақпараттарды алып, әлемдік саясаттағы тұлғалардың еліміз, көшбасшымыз туралы ой-пікірлерімен таныса аласыздар. Бүгінгі шара - тариxи шара. Сол тариxтың куәсі болуға барлығыңызды шақырамын,- дейді облыс басшысы.

Көшпелі көрме жобасы 2017 жылдың қарашасында Алматыдан бастау алып, 2018 жылдың ақпан айында Шымкентте өз жұмысын жалғастырды. Екі қалада да жоғары деңгейде өткен көрмені 250 мыңнан астам адам тамашалады. 

Атырау қаласында «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі 2 ай болады. Ш.Сариев мұражайында көрмені тегін тамашалауға мүмкіндік бар.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2019

13 жасар Бақытжан екі баланы өрттен құтқарды

18.02.2019

Алексей Полторанин Италиядағы әлем кубогі кезеңінде мәреге 4-ші болып келді

18.02.2019

Эверестің Тибет аумағындағы бөлігі туристерге жабық

18.02.2019

Есіл өзенін ластаған кәсіпорынға 30 млн теңге айыппұл салынды

18.02.2019

Қазақстан мен Еуроодақ: ынтымақтастықты күшейту жолындағы жаңа бағыттар

18.02.2019

2018 жылы 7 отбасылық сүт фермасы құрылған

18.02.2019

Ұлттық Банк 7 күндік қайтару мерзімі бар депозиттік аукциондарды өткізуді бастайды

18.02.2019

Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы тағайындалды

18.02.2019

«Egov.kz» порталын пайдаланушылардың саны 8,6 миллионнан асты

18.02.2019

Сүт пен кілегей шығару 11%-ға, ірімшік пен сүзбе шығару 9%-ға артты

18.02.2019

Көктайғақта апаттан қалай сақтануға болады?

18.02.2019

Петропавлда комикс өнер  клубы жұмыс істейді

18.02.2019

Қазақстанда жұмыссыз жастардың үлесі қандай?

18.02.2019

Дархан Кәлетаев ауыл жастарының жағдайын жақсарту тетіктерін түсіндірді

18.02.2019

Жаңа көлік сатып алуға берілетін жеңілдік сертификатының құны 750 мың теңгеге дейін ұлғайды

18.02.2019

Астанада 3000-ға жуық жол ережесін бұзу фактілері анықталды

18.02.2019

Еліміздің көп бөлігінде қар жауып, боран соғады

18.02.2019

Сарқан ауданында таудағы демалыс базасы ашылды

18.02.2019

ҰОК Бас хатшысы Бүкіләлемдік карате федерациясының басшысымен кездесті

18.02.2019

Ақмола облысында «Белсенді өмір» орталығы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу