Аударма • 19 Қыркүйек, 2018

«Егеменнің» жаңа жобасы

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қадірлі оқырман, ғасырмен үндескен «Егемен Қазақстан» газеті өзінің 100 жылдығы қарсаңында жарқын жобаларды қолға алған болатын. Соның бірі әрі бірегейін өздеріңізге ұсынудың сәті бүгін түсіп отыр. Біз жыл басында  әлемдік медиа кеңістіктегі америкалық алпауыт New York Times газетінің бас кеңсесінде болып, әріптестік байланыс орнату мақсатында келіссөз жүргіздік. 

«Егеменнің» жаңа жобасы

huffingtonpost.com

Сол келіссөздер нәтижесінде New York Times-тің мате­риал­дарын көшіріп басу құқығына қол жеткізіп, арнайы меморандум жасадық. Соның негізінде журна­лис­тиканың биік шыңы саналатын Пулитцер сыйлығын 125 рет алған New York Times газетінде жарық көрген колум­нис­тер мен сарап­шылардың ең таңдаулы мақалалары мен пікір­лерін, сараптамалары мен шолуларын egemen.kz сайтының ағылшын тіліндегі нұсқасында жариялап қана қоймай, қазақ тіліне де аударып, қалың оқырманға ұсынуды бастап отырмыз. 

Бұл қадам еліміздегі медиа кеңістіктің аясын кеңейтіп, жұрт­шылықтың сапалы ақпарат көздеріне деген қолжетімділігін  арттырады деп ойлаймыз. Сонымен қатар отандық баспасөзге стильдік, мазмұндық және тілдік тұрғыдан тың серпіліс әкеліп, жалпы қазақ журналистикасының дамуына оң ықпалын тигізетініне сенімдіміз. 

Газетіміздің бүгін қолдарыңызға тиген санындағы арнаулы бетте әлемге әйгілі New York Times-те басылған мате­риал­дар­дың алғашқы легі жарияланып отыр. Арнаулы бет алдағы уақытта апта сайын тұрақты түрде шығатын болады. 

Құрметпен, 
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ