Парламент • 19 Қыркүйек, 2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Қазақстандағы елшісі Марсия Доннер Абреуді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

Төраға Қазақстандағы жұмысының басталуымен құттықтап, елшіге тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, дипломатиялық қызметі екіжақты ынтымақтастықтағы маңызды межеге тұспа-тұс келгенін – екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағанына 25 жыл толғалы отырғанын атап өтті. «Бұл жылдар ішінде біздің елдеріміз арасындағы қатынастар, оның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлар алмасудың арқасында достық байланыстар елеулі түрде нығайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Бразилияның өзара парламентаралық іс-қимылын, оның ішінде парламентаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі белсенді жүргізуге мүдделілік білдірілді. Қ.Тоқаевтың айтуынша, сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастықты өрістету үшін елеулі мүмкіндіктер бар. Бұл тұрғыда Бразилия сыртқы істер министрінің алдағы сапарының маңызы зор болғалы тұр. «Бұл екіжақты қатынастарда маңызы зор оқиға, бұл сапар біздің елдеріміздің ынтымақтастығына салмақты серпін береді», - деді Сенат Төрағасы.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше