Әлем • 20 Қыркүйек, 2018

Еурокомиссия Амазонға қатысты антимонополиялық тексерулерін бастауы мүмкін

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Еурокомиссияның Бәсекелестік мәселелері бойынша еурокомиссары Маргрет Вестагер мекеменің Амазон платформасында жұмыс жасайтын шағын интернет-дүкендердің мәліметтерін әділетсіз бәсекелестік үшін қолданып-қолданбауы туралы ақпарат жинап жатқанын жеткізді.

Еурокомиссия Амазонға қатысты антимонополиялық тексерулерін бастауы мүмкін

Амазондағы тауардың жартысынан көбі шағын немесе орта ғаламтор-дүкендері арқылы сатылады. Егер Еурокомиссия Еуроодақтың монополияға қарсы заңнамасының бұзылғанын растаған жағдайда, компания жылдық сатылым көлемінің 10%-ы көлемінде айыппұл төлеуі тиіс болады.

Маргрет Вестагердің айтуынша, көлденең компаниялар Амазон табысының маңызды бөлігі. Олар 2018 жылдың екінші жартысында-ақ 9,7 млрд. АҚШ доллары көлемінде пайда алып келген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 40%-ға көп. Компания бұл туралы сұраққа әлі жауап бермеген. Естеріңізге салсақ, Амазон АҚШ Президентінің де сынына ұшырап, Американың бас прокуроры Джефф Сессион интернет саудасының алыбының жұмысын тексеруге дайын екенін айтқан болатын.