Әлем • 20 Қыркүйек, 2018

АҚШ-тағы «Флоренс» дауылынан зардап шегушілер саны артты

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ресми мәліметтер бойынша «Флоренс» дауылының нәтижесінде зардап шегушілер саны 37-ге жетті»,-деп хабарлайды USA Today басылымы.

АҚШ-тағы «Флоренс» дауылынан зардап шегушілер саны артты

Елдің оңтүстік-шығыс жағалауын жайпап өткен апаттан зардап шеккендер қатарында 2 бала бар.

Дауыл 14 қыркүйек күні Солтүстік Американың жағалауларына жеткен еді. Мамандардың айтуынша, апаттың күші бірден әлсірей бастаса да, соққан желдің жылдамдығы 75 километрден аспады. Дегенмен, апаттың зардабы айтарлықтай үлкен. Өйткені тілсіз жау өзімен бірге алапат дауылды ғана емес, үлкен жауын-шашынды ала келді. Соның нәтижесінде аймақта су деңгейі шектен тыс көтеріліп, мыңдаған үй су астында қалды.

Синоптиктердің жедел ақпарат беріп отырғанына қарамастан, апат зардабынан сақтану мүмкін болмады.