Кесенелер тұрғызу жарысқа айналып бара ма?..

Биыл жазда өңірде  Мәшһүр Жүсіптің туғанына 160 жыл, Естай Беркімбайұлының 150, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдық мерейтойлары тойланды. Жуырда  1854-1868 жылдары Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған, ағартушы, этнограф, фольклорист  Мұса Шорманұлының  200 жылдық мерейтойы Баянауылдың Теңдік ауылында аталып өтті. Этноауылдар киіз үйге толса, жазба ақындар арасында мүшайра өтті, аламан бәйге қызды. Ақкелін баурайын ала әуелей ұшқан ұшақтар ауылға биіктен  шашу шашты.  

Егемен Қазақстан
20.09.2018 2776
2

Бұл екі аралықта осы тамыз айында  Май ауданында да өңірімізде 1902-1909 жылдары мешіт-медреселер ашып,  ислам дінін таратқан Ақбалық хазіретке арналған кесене бой көтерген-ді. Хазірет аудандағы Түндік өзенінің бойында жерленіпті. Кесене құрылысына өңірдегі Әбу Ханифа қорының басшысы Кенже Кеңесбаев бастаған  Сапарғали Байболатов, Рымтай Шөкеев, Тито Сыздықов, Ермат Байғұрманов, Әбілқақ Түгелбаев, Нариман Исенов, Қуат Есімханов  Айтмұхамбет Қожабеков сияқты кәсіпкерлер, ел ағалары  үлес қосса керек. Облыс әкімдігі де қолдау көрсетіп, тіпті, бұл істі  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығында деп біледі.

 Ал, кесене жобасының авторы Алтынбек Байғалиевтің айтуынша,  бір ай уақытта бой көтерген кешен құрылысына тіпті, «елімізде теңдесі жоқ құрылыс материалдары пайдаланылса» керек. Шара барысында хазірет туралы кітап та таныстырылды. Облыстық мәслихат депутаты Қарлығаш Құспекованың айтуынша, хазіреттің есімін ұлықтау мақсатында аудан кітапханаларында әдеби-танымдық бұрыштар ашылып, арнайы ақпараттық топтар құрылып, тіпті, ауыл мектептерінде  Хазіреттің атын жаңғырту және зерттеу бойынша жобаны іске асыру мақсатында  «Рухани құндылықтардың шамшырағы – Ақбалық Хазірет», «Туған жердің аңызы», «Аты аңызға айналған Ақбалық Хазірет», «Хазірет атанған Ақбалық» атты ақпараттық-тарихи сағаттар мен бұрыштары дайындалып, кеңінен насихатталған.

Бұл мақсат-облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеевтің айтуынша, жаһандану заманында рухани байлыққа шөлдеп, салт-дәстүрден ажырап бара жатқан ұрпаққа қалқан болатын ұлттық идеологияны қалыптастырады екен. Өткенді қастерлеп, ұлттық болмысты ашу болашаққа ашылған  жол. Осы арқылы рухани тәлім-тәрбие өзегін бекемдеп, ұлттық сананы кеңейтеміз. Оларды ұрпаққа жеткізу - алдыңғы толқын ағалардың міндеті,-дейді.

Айтпақшы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстағы киелі орындар тізбесіне енген нысандардың қатарында осы аудандағы Ақшиман ауылындағы Қайса ата кесенесі бар.  Қайса атамыз бақсы,емші  болған деседі.  

Осы жазда  Аққулы ауданы Шоқтал ауылы маңында «Сары бәйбіше» зиратына қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп, ас берілді. Зиратқа дейінгі жаяу адам жүретін жолды асфальттап, келушілерге арналған орындықтар мен тапшандар орнатыпты. Сары бәйбіше де бұрындары бақсы, көріпкел, емші, жауырыншы әрі тылсым күштермен тілдесетін қасиетті адам болған екен. Екіншісі- Шоғман қажы Алдамжарұлының кесенесі бой көтеріп, 8 метр тереңдікте қазылған құдыққа зәмзәм суын құйған.  Облыстың киелі жерлері тізіміне аудандағы сынықшы  Мерғалым ата бейіті, Сары бәйбіше бейіті, Базылғазы тасы ескерткіші, Тұзқала көлі, Қамқалы, Малыбай көлдері, Әбубәкір Хазірет бейіті, Бөрлі көлі және Ғибадолла Ғабдізәкірұлы бейіті енген. Бұл күндері Шарбақты ауданы Есілбай ауылы жанында жерленген  Темірғалы Түйтеұлының  кесенесін салуды жоспарлап отыр.

Қазірде жоба құны белгілі, құрылысқа керек мәрмәр тастар Маңғыстаудан жеткізілмекші. Ал, ауылға қажет  мәселелер болса, онсыз да аз емес. Шарбақтыдағы  «Победа» серіктестігі  ауылдың 50 баласы баратын балабақшаға 35 миллион теңге қаражат бөліп, күрделі жөндеуін жүргізіп беріпті.

Шарбақты демекші,  бұл ауданда 2012 жылы  Ғабдул Уахит хазіреттің кесенесі, ал, Екібастұздың  Ақкөл-Жайылмасында еліміздің «Қасиетті рухани құндылықтары» бағдарламасы бойынша республикалық киелі орындар тізбесіне енген  Исабек ишан кесенесі бар. Исабек ишан хазірет (1792-1871 жж.)– ХІХ ғасырдың діни қызметкері, қожалардың өкілі саналады.

Ақ тастан тұрғызылған аппақ екі кесене, мешіт және зиярат етуге келушілерге арналған үйден тұратын кешен. Үш күмбезді кесенеде Исабек хазірет, оның жалғыз ұлы Нұрмұхамед және інісі Мұхаммед Нияз жерленген. Исабек ишанның ұрпағы – Жандарбек қожа жерленген жерде бір күмбезді кесене салынды. Исабек ишан ашқан мешіт орнына жаңа мешіт тұрғызылды. Дарбаза түріндегі қақпалар Бұқар стилінде дайындалған.

-Кесене – рухани маңызды тарихи-мәдени мәнге ие киелі нысан. Халқымыздың синкретикалық түсінігі бойынша, Исабек ишанның жерленген жері хазірет аруағы қасиетті жер саналады, - деп ой түйеді ғалым Қайрат Батталов.

Тағы бірі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыстың киелі орындары тізбесіне енген нысан Ертіс ауданындағы Таймас әулие кесенесі.  Өңір өлкетанушылары М.Жаманбалинов пен А.Бәделхановтар   «Түгел батыр» атты жазбаларында Таймас жоңғарға қарсы  қарсы  қол бастаған батыр деп жазған.

Ал, Баянауыл жайлы сөз тіпті, бөлек. Қасиетті  жердің айналасына тұнып тұрған тарих, шежіре. Төбедегі  «Қоңыр Әулие» үңгірі, Жасыбай батыр, әулиелі Мәшһүр Жүсіп, Үкібай би, Сұлтанмахмұт кесенелері, әлі көпке белгісіз Әбжалап әулиенің, Лекер, Мәуке қажылардың зираттары бар. Көкдомбақ ауылының  жағындағы төбе үстіндегі Үкібай би кесенесі күңіренеді. Үкібай би   Баянауыл сыртқы округінің негізін қалаушылардың бірі. Шоң мен Шорман билердің замандасы, олар биді қатты қадірлеген дейді үлкендер. Жаңатілек ауылы аумағында «Қазыбек бидің сөре тасы», Мәшһүр Жүсіп ашқан медресе орны, «Едіге бидің билік тасы», «Тотия ана», Мұстафа, Құрманбай, Мәстек абыздардың зираты жатыр.

2005 жылы  Инновациялық Еуразиялық университеттің сол кездегі ректоры Алтынбек  Нұхұлы туған жері Ақкелінде, қазіргі Теңдік ауылында ашылатын “Асыл мұрасын асқақтатқан бабалар” атты мемориалдық кешеннің белгі-қазығын орнатты. Ата-бабалар рухына арнап, ауылында ас берді. Бұл шараға  біз де қатысқан болатынбыз. 

Сөйтіп, арада біраз жыл өткенде барып, осы  қыркүйек айында Баянауылдың Ақкелін өңірі-Теңдік ауылында бабалар рухы  жаңғырып, елінің өткен шежіресі қайта оралғандай болды. Біз мақала басында жазғанымыздай, Кереку-Баянауыл жұртшылығы Мұса Шорманұлына арнап тұрғызылған кесененің ашылу салтанатына жиналды. Кесене жергілікті демеушілердің қолдауымен  Теңдік ауылы маңындағы Шорман әулетінің қорымынан бой көтерді.

Әйтсе де, Баянауыл баурайының сұлу табиғаты өз бойындағы асылы мен киелісін ұл-қыздарына аямай-ақ дарытқан ғой. Ақкелін өңірі де  Шорман би, оның қызы, Шоқан Уәлихановтың анасы – Зейнеп Шорманова, әкелі-балалы Мұса, Сәдуақас Шормановтарды дүниеге әкелген қасиетті жер. Сәдуақас Шорманов аға сұлтан Мұса Шормановтың үлкен ұлы.  Мұса Шорманов қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың нағашысы.  

Ал, Зейнеп Шорманқызы 17 жасында Ақкелін елінен зор салтанатпен аттанып, Уәлидің қара шаңырағына түсіп, Шыңғысқа асыл жар болған. Мұса Шорманов Баянауыл сыртқы округін  аға сұлтан болып, 15 жыл басқарады. Полковник шенін алған. Орыс, француз тілдерін білген. Абайдың әкесі Құнанбаймен қадірменді достар болған. Өз қаржысына Баянауылда мешіт салдырған. Ал ұлы Сәдуақас Шорманов ақын, бүкіл Арқаға беделді, қадірлі болыпты. Мәдиді түрмеден босатып алған деген деректер де бар.  

Мұса  Шорманұлы Баянауылда мешіт, медресе ашқан,тіпті, 1847 – 49 ж. Сібірден 60 мыңдай қазақты көшіріп әкелгені де таңқаларлық, яғни, бүгінгі зерттеуді қажет етеді. Сібірде шығып тұратын газеттерге материалдар ұсынып, Географиялық қоғам ұйымдастырған көрмелер мен оның Г. Потанин, Н. Ядринцев, Н. Костылецкий сияқты мүшелеріне қазақтар жөнінде материалдар дайындап тұрған. Орыстың көпестері келе бастағанда оларға жол көрсетуші қазақтарға жер-су аттарын орысшаламау жағын қатаң тапсырғаны жайлы жазылады.  Ақкелін қонысында жерленген.  Баянауыл орыстары оны «Большой господин», ауыл қазақтары «Мұса мырза» деп атаған.  

-Бастысы, Мұса Шорманұлы ауыл балаларын оқытуға үлкен көңіл бөледі. Ғылыми жұмыспен де айналысты. Халқымыздың тарихы, этнографиясы қызықтырушы орыс оқымыстылары мен шенеуніктері Мұсамен кеңесіп отырған,-дейді Алтынбек  Нұхұлы.

  Иә, өлі риза болмай, тірі байымайды дейді қазақ. Абай атамыз айтқандай, «әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына  рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл» дейді. Сонда «әрбір  ғибрат алмақтың  өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтады екен.»

    Жоғарыда жазғанымыздай  қазір өңірде жаппай кесенелер  тұрғызу жалғасуда. Бір жаздың өзінде  3-4 кесене бой көтерді. Әр аудан, әр ауыл зәулім, қымбат кесене тұрғызудан жарысқа  түсіп жатқандай. Маңқыстаудың  аппақ мәрмәр тасын арқалап жеткізбесең болмайды. Кесененің кірпішінің өзі «еш жерде  жоқ теңдессіз дүние» екен. Бәсекеге түскендей. Бей-берекет кесене салу үрдісіне бақылау да керек-ақ. Оған еліміздің  Мәдениет министрлігі тарапынан рұхсат берілген бе, жоқ  па, анығы да жоқ. Қымбатты кесенелерді мұра ретінде қандай орындар қорғап, сақтайды деген мәселе  тағы бар. Әрбірден соң, кесене құрылыстарына бөлінетін біреулердің қалтасына кетіп те қалар «қымбатты» қаражат-қаржыға да есеп керек. Жаппай кесене салу үрдісінен осындай секем алушылар да бар.

Ал енді өңірдегі  кесене-кешендердің басына  жету  оңай емес, өйткені, жол жоқ. Жарқыраған кесенелері бар қай ауылдың келбеті болмасын жүдеу, әлеуметтік сала жағынан артта қалып келеді. Айдалада  қымбат кесене жарқырайды. Қымбат кесенелері бар  Екібастұздың Ақкөл ауылы, ауылдағы ескі мектептің  жайы да бізді ойланта да бермейді. Ауылдықтар болса қанша жылдар бойы жол азабын тартып шыдап келді. Ақкөлде ишандарға арналған қымбатты музей  де ашылған,  іші жарқырап-ақ тұр.   

Қазір біздің өңірде көбінесе кесене,ескерткіш тұрғызуда өздерін ел ағалары санайтын  бұрынғы аудан әкімдері, депутаттар, қызметтен босаған басшылар  белсенді, шеттерінен түгел қажы болып кеткен. Рымтай ағамыз айтқандай «өткенді қастерлеп, ұлттық болмысты ашу, ұрпаққа жеткізу- алдыңғы толқын ағалардың осындай «міндетіне» айналғандай.

Кесене тұрғызуды, оның ашылу күнін кәдімгі бір ойын-тойға айналдыра бастадық. Әлгі Абай атам айтқан «әрбір  ғибрат алмақтың  өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтады екен» деген міне, осы. 

Елбасы бір жиында  бұл мәселе жайлы айтты: «Рухани жаңғыру» дегенде  мен сендерге  нысан іздеп, кесене тұрғызыңдар дегенім жоқ» деп. Шыныныда да, «Рухани жаңғрыу» мақаласын  ден қойып, талдап мән беріп оқу керек.    

Әйтпегенде,тіпті, жоғарыда жазғанымыздай:  «хазіреттің есімін ұлықтау мақсатында аудан кітапханаларында әдеби-танымдық бұрыштар ашылып, арнайы ақпараттық топтар құрылып, тіпті, ауыл мектептерінде  Хазіреттің атын жаңғырту және зерттеу бойынша жобаны іске асыру мақсатында ақпараттық-тарихи сағаттар мен бұрыштары дайындалып, кеңінен насихатталуда».

 Рымтай ағамыз айтқандай, «рухани байлыққа шөлдеп, салт-дәстүрден ажырап бара жатқан  ұрпаққа қалқан болатын ұлттық идеологияны кесенелері тұрғызылған «ғұламалар» ғана қалыптастыратын болып шығар.

Қаптаған хазірет, қожалар, бақсы, емші, көріпкелдер жайлы ақпараттық  топтар құрып, олар жайлы  сабақтар  өткізетін болғанымыз да біртүрлі. Ешкімде  олардың  қасиеттерін жоққа шығармайды, бірақ, елді рухани жаңғыртудың өзіндік рухани танымдық жолы бар.  

Ал, біздің ұрпаққа   оқып, біліп, тәлім-тәрбие алатын  тарихи-танымдық сабақтар қажет.   Бір ауылдың  басқы-балгерінің өмірбаянын, оның қалай құспен сөйлескенін, қалай  қонақтың келетінін біліп отыратын жайлы аңыз-әңгімелерін емес, балаларды жеке ауылдық емес, елдік биік ортақ мақсат-мүдде тұрғысынан  оқытып, тәрбиелегенде ғана ұлттық идеологияны берік қалыптастыра аламыз.    

Екіншіден, жалпы өзі  қазақ ұғымында көне зираттарды, моланы жаңарту, жаңғырту жаман ырым саналады.   Қаншама қаржыға тұрғызылған қымбатты кесенелер жарқырайды.  Тіпті, дін қызметкерлері құлпытастарға марқұмның бейнесін салу, мүсінін қашап қоюға болмайды, қабірлердің үстіне кесене орнату, басқа құрылыстар салу – жағымсыз іс дейді.  

Ал, кейбір ислам ғалымдарының пікірі бойынша ғұлама-ғалымның, ел билеген хан-сұлтандардың, би-батырлардың кесенесін көтеруге рұқсат берілгені де жазылады. Осы тұрғыдан келгенде, Мұса Шорманұлы да осы сипатқа лайық тұлғалардың бірі екені сөзсіз.

Әйтсе де, кесене тұрғызу –зерделеп, зерттеуді, қажетті, қажеттсізін елеп-екшеу үшін қажет. Осындайда  Жаяу Мұсаның атақты  «Ақ сиса» әнін тыңдап-ақ, бір сәт ойланып қаларыңыз да сөзсіз. 

Мысалы, менің Зайсандағы ауылымда  кішкене күнімізден көз үйренген бұрынғы көне кесенелер аз емес. Кәдімгі саз балшықтан соғылған. Қанша ғасыр бойы тұр. Жергілікті халық  қазіргі кесенелерге топырлап кіріп-шығатындай емес, әдет-ғұрып салтын қатаң ұстанып, кесененің сыртына келіп тәу етіп, бет сипайды. Ешкім зират жаңартып, Бегімхан, Түсіпбек, Бықай әулеттері түрікпен қожалар екен деп жарысып кесене тұрғызып жатқан да жоқ. Қайта көне зират, кесенелерді ешкімге бүлдіртпей сол қалпында сақтай білді. Сақтай білуді үйретті. Ғибраты осы. Абай атам айтқандай, «иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек»

Ал, кесенесін  тұрғызған Мұса Шорманның  ауылы Ақкелін болыстығы  Кеңес билеген тұста Теңдік деп аталды.  Кішкентай ғана ауылдың ұлылығы сондай- бұл ауылдан   Шорман би, оның әулеті, Мұса мырза, Үкібай би,  Әбікей, Қаныш Сәтбаевтар, «Алтын адамды» тапқан  Кемел Ақышев сынды белгілі тұлғалар шыққан.

 Ауыл бүгін  де аман-есен. Енді міне, жарқыраған кесенесі  де бар.  Әрине, аудан орталығы Баянауылдан 80, облыс орталығынан 300 шақырым жерде орналасқан Сәтбаев ауылдық аумағына қарасты Теңдік ауылына әкімдіктер тарапынан әлеуметтік  қолдау қажет. Үш ауылда бар-жоғы 1235 адам қалыпты. Жыл да тасқын су өтінде қалады. 

Мәселе, Мұса Шорманов атындағы ауыл деп өзгерту үшін ғана емес,  ауылды сақтап қалуға, тұрғындарына лайықты жағдай жасауды қолға алғандары керек дейміз. Ауылға той күнгідей күнде ұшақтармен  биіктен шашу да шашыла бермейді. Айтпақшы,  Мұса мырзаның рухына рахмет, кесене ашылған күні ғана ауылда бәленбай жыл болмаған мәдениет үйі де есік ашты.       

Ендігі мәселе Теңдік ауылының атын Мұса Шорманов атындағы ауыл деп өзгерту керек екен. Ректор Алтынбек  Нұхұлының айтуынша,  Мұса Шорманұлының да басты арманы – ауыл балаларының оқып, білім алуы еді. Мырзаның  ағаш үйінде Шоқан Уәлиханов бірнеше рет болған. Ал, Сәдуақас Шорманов салдырған мектепте Қаныш Сәтбаев оқыған және кейіннен сол мектепте сабақ та берген Ақкеліндегі Шормановтар мектебі сол кездегі мәдениеттің озық үлгісі болса, Мұса мырзаның  ғибратты жолын Имантай Сәтбайұлы мен Сәдуақас Шормановтардың жалғастырға, Ақкелін болысында 1903 жылы бастауыш қазақ-орыс орта мектебінің ашылады. Қаныш Сәтбаев 1909-1911 жылдары осы мектепте оқиды, ал 20-шы жылдары Ақкелін бастауыш мектебінде мұғалім болған.

Әрине, ғибраты мол өткенге тағзым–сауапты жанға  міндет. Түсінген адамға міндет жүгі ауыр. Сөз соңында:  Болат Бақауов басқаратын  облыс әкімдігі мен Баянауыл ауданы жұртшылығы, ақсақалдары және «Кереку-Баян тарихи тұлғалары қоғамдық қоры» қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ректор Алтынбек Нухұлы  бастаған педагогикалық университет ұжымы Мұса Шормановтың 200 жылдық мерейтойдың өтуіне үлкен үлес қосты дейміз.  Қор қиын-уақыттарда Мұса мырза бейітіне қойылған тасты сақтап қалып, бүгінге жеткізген баянауылдық ақсақалдарға алғыс айтады.

Сонымен бірге , рухани танымдық мәдени шараға еліміздегі Діни басқарма төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы, Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев, Ерлан Барлыбаев, Берік Дүйсенбинов, меценат Ғаббас Бектұров, еліміздің Болгариядағы елшісі Теміртай Ізбастин, басқа да елге белгілі адамдар қатысты.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,

 Баянауыл ауданы,

Ақкелін-Теңдік ауылы

Суреттерді түсірген Рүстембек Текжанов

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Зылиха апай (әңгіме)

16.10.2018

Зиялы қауым өкілдері Жолдауға пікір білдірді

16.10.2018

Жерге жаңаша көзқарас пен қатаң бақылау қажет

16.10.2018

Қостанай облысында өнімді өңдеу секторы 53 поценттен асты

16.10.2018

Қазақстандық қамту: отандық өнімнің өрісі неге тар?

16.10.2018

Юлия Путинцева жарысты жеңіспен бастады

16.10.2018

Павлодар облысында отырғызылған ағаштардың 70 пайызы өспей қалған

16.10.2018

Съезд – нақты іске көшудің мысалы

16.10.2018

Түркістан еңбек күші бар, бірқатар салаларды дамытуға қолайлы облыс

16.10.2018

Бүгін Елбасының Финляндияға ресми сапары басталады

16.10.2018

Түркістан облысында бюджеттік мекемелерге жылу берілуде

16.10.2018

Қызылша шаруашылығы қарқынды дамып келеді

16.10.2018

Грузиядағы президент сайлауына Қазақстаннан жіберілетін байқаушылар тізімі бекітілді

16.10.2018

Қостанайда ұрланған малдың 60 проценті иесіне қайтпайды

16.10.2018

Ресейдің Челябі облысында өткен көркемсөз оқу байқауында қандастарымыз лауреат атанды

16.10.2018

Іскер жастарға арналған жаңа жоба басталады

16.10.2018

Кедергісіз орта – келешек кепілі

16.10.2018

Арман Сейітмамыт: Кино әлеміне «Ел Арнаны» барынша етене жақындастыру керек

16.10.2018

Орнықты дамудың бағдары - Тадеуш Шозда

16.10.2018

«Хат қоржын» (16.10.2018)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Қырдың қазаңы (20.09.2018 19:55:11)

Мыкты жазыпсын, Фарида! Менин айтарым: кесене де керек, адет-гурып сактап карапайым болуымыз да керек. Бирак, кереу жогы мынада деп ойлаймын. Бириншиден, хазирет деп казак котермелеп айткан. Мысал ушин, Абайды да кейде созбен «пайгамбар» деп айтып жиберемиз. Ол жай созбен айтканда Абайдын баска гулама жазушы акындардан биршама болек бийктеткенимиз гана болып табылады. Сондыктан, менинше хазирет деген атак мусылманда тек Пайамбарымызга (с.с) гана тан угым. Сенбесен, араб галым- мугалимдери айтып береди. Бул аруактардын улеси коп шыгар, албетте олар не емши болсын, не ел баскарсын-олар калайда хазирет бола алмайды. Таска айтеуир жазылган екен, ендеше ол жазуды оширмей ак тырнакшага енгизип кою керек, менинше. Екиншиден, бул акимдер Рухани Жангыруды неге тусинбейд, соган таным бар? Кормеген, билмеген аким кимге керек?

Пікір қосу