Димаш Акимов: Көрерменім «Адам» атандырып жіберді

Егемен Қазақстан
21.09.2018 2402
2

– Елу жылдық актерлік кәсібіңізде 100-ден аса фильм­ге түсіп, әр елдің жиырмадан артық киностудиясынан ша­қырту алыпсыз. Қазақ ак­тер­лерінің ішінен КСРО Ки­не­матографистер одағына мү­ше­лікке қабылданған санау­лының бірісіз. Сізді танымал еткен «типаж» бейнеңіз бе? 

– Елу жылдық актерлік қыз­­метімде «Мосфильм» мен «Лен­фильмнен» бастап, Дов­женко атындағы киностудия, Свердловск, Рига, Ял­та, «Бе­ларусьфильм», «Өзбек­фильм», «Тә­жікфильм», «Қыр­ғыз­фильм» секілді кешегі кеңес­тік ел­дердің 13 студиясында және АҚШ, Жапония, Италия, Иран, Франция, Бельгия секілді 9 алыс шетелдің киностудияларында фильмге түсіппін. Алексей Герман, Сергей Шакуров, Болат Мансуров, Все­волод Шиловский, Али Хам­раев, Төлемуш Өкеев, Ход­жакули Нарлиев, Бахтиор Худой­назаров, Федор Бон­дар­чук секілді ең мықты режис­серлердің назарына іліккенім тек менің түрім мен тұрпатымның типаждығына ғана байланысты емес деп ойлаймын. Ал қазір А.Сатаев, Р.Әбдіраш, А.Ұзабаев, Н.Адамбай секіл­ді қазақстандық жас режиссер­лермен жұмыс істеп жүрмін. Танымалдылық кілті тек типаж­дықта емес, егер бойыңда талан­ттың ұшқыны болмаса, типаж болмақ түгілі, Геракл болсаң да, елден ерекше жаралған тұрпатың саған тіреу бола алмайды. Типаж бол-болма, таланттың кілті мына жүректе, ішіңді ашып, ақтара алсаң ғана актердің шын қасиеті мен шеберлігі танылмақ. Сыншылар тарапынан рөлдерімнің көп­шілігі әділ бағасын алды, образ жасаудағы шеберлік сырын талдап көрсетті, бұл мені сөзсіз қанаттандырады. 

– Жүзден артық фильмге түстіңіз, бірақ танымалдылық сізге қай фильмнен кейін келді?


– Ел есінде болар, белгілі режиссер Амангелді Тәжібаевтың «Охрана бастығы Құрымбай» деген ғажап фильмі бар. Бастық­тармен ғана араласып, өзін большевикпін деп санайтын, сол себепті екі сөзінің біріне «понимайыш», «так ышто жолдас қатындар» дегенді қосып, халықты «біздікі» немесе «контра» деп бөлетін ұр да жық, сыңар езу Құрымбайдың алдына салып айдап жүретін Омар деген батырағы бар. Алпаң-салпаң, жүрісі арбаң-арбаң, ебедей­сіздеу қозғалатын аңғал Омардың рөліне режиссер мені бірден таңдап алған еді. Қой сияқты жуас қазақтың аңғал мінезін, қорғансыз халін, 1932-нің аштығы мен 37-нің қызыл қырғыны осындай шаш ал десе бас алатын, әкіреңдеген әпербақандардың кесірінен болғанын әжуамен астарлап жеткізетін осы фильмдегі Омар­дың бейнесі мені бірден таны­мал етті. Сол сол-ақ екен, орыс, тәжік, өзбек, түрікмен, қыр­ғыз киностудияларынан бірінен соң бірі үздіксіз шақырулар келе бас­тады дейсіз. Тіпті бір ағаларым сол кездің өзінде «саған шетелге кету керек» деген ақыл да айтқан болатын. «Тек сөйлеме, сөздің де салмағы болады» дегенді осы ақылдан аңғардым, өзім тыраштанып іздемесем де, шетелдің режиссерлері мені өздері тауып алатын болды.


– Актерге ширақ, еті тірі болмаса болмайды ғой, ал сіз өте аңғал, мейірбан кейіп­кер­лердің рөлінде жүресіз. Бұл соқпаққа қалай түскен едіңіз?


– Әкем 4 жасымда қайтыс болып, мектепке баруға да жағдайым болмай, алғаш бірінші сыныпқа 9 жасымда бардым. Актер боламын деп ойламақ түгілі ондай сөзді өмірі естімегенмін де. Алма­тыға келгендегі мақсатым Денешынықтыру және спорт институтына түсу болатын. Бірақ жолым болмады, алғашқы емтиханнан-ақ сүріндім. Көңіл күйім болмай, темекіні құшырлана сорып: «ертең енді ауылға қайтамын ғой, барып бір отар қой алып, әкемнің ақ таяғын қолыма аламын ғой» деп ойланып тұрғанымда, кенет көзім көше бойындағы терекке жапсырылған жарнамаға түсе кетті. Үйме-жүйме болып жатқан елдің жанына ентелеп келіп мен де әлгі қағаздағыны оқи бастадым. Орысша жазылған хабарландырудан ұққаным, «Қыз Жібек» деген фильм түсірілгелі жатыр, соған «атқа отыра алатын, ұзын бойлы, шымыр, қайратты жігіттер керек». Күн ыстықта жая­у-жалпы, екі күн табанымнан тозып жүріп «Қазақфильмді» әрең дегенде таптым. Сақал-мұртым өсіп кеткен, иықтан асып, беліме түскен қалың шашыма тарақ тимегеніне талай күн болған, екі жауырыным қақпақтай, алпамсадай денем ел назарын аударатынын байқап тұрмын. Келгенімді қайтейін, орыс тілін білмегендіктен келген шаруамды айта алмай тағы екі күн жүрдім. Екінші күні ішке кіріп бара жатқан бір қазақтың жігітінің алдын кес-кестеп тұра қалдым да, «Қыз Жібекке» келгенімді айттым. Басын изеген күйі ішке кіріп кеткеніне бес минут өтті ме, өтпеді ме, «где этот гигант?» деп арғы жақтан орыстілді біреу маған қарай сөйлеп келе жатты. Кинодағы жіңішке жол, алғашқы қадам осылайша «Қыз Жібектің» өзінен бастау алды. Марқұм Құдайберген Сұлтанбаев та «Қыз Жібекке» түсіп жүрген еді, екеуміз Қапшағайдың жаға­сына тігілген қазақ үйдің ішін­де қатар жатамыз, жақын дос бо­лып кеттік. Қол босаған сәт­терде оның қағазға, кітапқа үңі­ліп, күбірлеп бір нәрселерді жаттап жүретінін байқаймын. Оңашаланған сәттің бірінде «бұл не?» деп сыр тартып едім, «келер жылы актерлік мамандыққа тапсырамын, соған дайындалып жүрмін», деді. «Мен де бақ сынап көрсем қайтеді?» дедім Құдайбергенге. «Әрине тапсырып көр» деді де, ол маған «Абай жолындағы» Қодардың монологін тауып берді. Осылайша менің КСРО халық әртісі Х.Бөкееваның класына қабылданып, қызық та қиын актерлік жолымның басталуына Құдайбергеннің де септігі тиіп еді. 


– Сіз режиссерлік факуль­тетті бітіре тұра неге режиссер болмадыңыз?


– Режиссерліктен бұрын 1974 жылы ВГИК-тің актерлік факультетін бітірдім. Мәскеудегі Бүкілодақтық кине­ма­тография институтына түсуімнің өзі бір хикая. Құдай­бергеннің септігі, Хади­ша апайдың «театрға батырлар мен хандардың рөлін ойнауға Димаш секілді актерлер керек» деп тікелей жана­шырлық таны­туы­мен түскен консер­ваторияның театр факуль­тетімен бір себептерге байланыс­ты көп ұзамай қош­тасуға тура келді. Келер жылдың көкте­мінде Мәскеуден ВГИК-ке қа­былдау үшін арнайы келген комиссияның алдында тұ­рып орыс тілінде жаттаған мысал, мәтіндерімізді судыратып айтып, сынақ тапсырдық. Нәтижесінде біраз қыз бен жігіт қабылданды, ал менің фами­лиямның тұсына бадырайтып тұрып сұрақ белгісін қойыпты. Мың болғыр Шәкен ағамның орыстың алдындағы беделі күшті еді ғой. «ВГИК-те қазақ жастарын көбірек оқы­ту керек» деп анау-мынау­ды босағасынан аттатпайтын белді оқу орнынан ойып тұрып 15 орын алған екен. Бұл аз болса, «осы жіберген жас­тар Мәс­кеу­ден оқуын бітіріп келгенше Алматыдағы баспанасы дайын болып тұрсын» деп Орталық Комитеттің бірінші басшысына кіріп, тура «Қазақфильмнің» желке тұсынан актерлерге арнап бес қабатты үй құрылысын бас­татты. Не керек, комиссияның не істерін білмей әрі-сәрі болып отырған түрін байқаған Ш.Айманов: «Орыс тілін біл­мейді дегендеріңіз себеп емес, жетім өскен бала ғой, орта табылса, тез-ақ үйреніп кетеді. Батырлардың рөлін ойнауға осы типтес актер біздің киномыз үшін аса қажет» деген уәж айтты. Шәкен аға айтты ма, ол – заң. Сөйтіп мен ВГИК-ке оқуға түсіп кеттім. Мәскеуге аттанатын кезде Шәкен аға барлығымызды жинап алып: «оқуды зейін қойып дұрыстап оқыңдар, біздің киномыз әлі жас, дамытатын, өсіретін сендерсіңдер, жолдарың болсын!» деп ақылын айтып, шығарып салды. Ал режиссерлік – менің екінші мамандығым. 1991 жылдары тоқырау басталып, дағдарыстан ел есеңгіреп, киностудия «әне жабылады, міне жабылады» деп тұрған кезде режиссерлікті тәмамдадым. Кино түсіргенді айтасың, елде қаржы жоқ. Бірақ басқа елдің киностудияларынан шақырулар келіп жатты. Тоқтамай киноға түсе бердім. Режиссерлікті бітіре тұрып кино түсірмеген жалғыз мен емес, менімен бірге оқыған Панкратов-Черный да актер болып кетті. Өкініштен не пайда, заман солай болды. 

– Ш.Айманов неге сізді өз ки­ноларына түсуге шақыр­ма­ды?


– «Шәкен аға тірі болғанда сөзсіз мені шақырар еді» деп жүз пайыз сеніммен айта аламын. Әттең, үлгермеді. Каби­нетіне шақырып Мәскеуге ақ жол тілеп аттандырып салатын күні ағамызбен қоштасып, есік­ке беттеп бара жатқанымыз сол еді, соңымыздан естілген «Әй, бала» деген дауысқа жалт қараған едік, Шәкен аға сұқ саусағын шошайтып маған қарап тұр екен. «Сен қала тұр­шы» деді. Іркіліп қалдым. Үсте­лінің үстіндегі телефонның құлағын бұрады да, әлдекімге: «Зәке, маған келіп кетіңізші», деді. «Зәкесі» «Атаманның ақы­ры» картинасының директоры екен. Мені таныстырды да: «Зәке, бұл бала Мәскеуге оқуға кетіп барады. Жетім өскен бала екен. Ертең бұл баланы мен «Атаманның ақырына» бір эпи­зодқа түсіріп алып қаламын. Сіз осы жағын реттеңізші», деп маған түсініксіздеу бір әңгі­менің шетін шығарды. Не керек, «Атаманның ақырында» әлдекімді өлтіріп кете ме, өртеп кете ме, сол қандықолды іздеп: «мынау ма, әлде мынау ма еді?» деп бірнеше адамды қаз-қатар тұрғызып қойып бетіне шам түсіріп үңіліп қарайтын кадр бар. Солардың ішінде мен де тұрамын. Сенесіз бе, сол екі-үш секундтық эпизод үшін әлгі Зәкең ертеңінде қып-қызыл он сомдық «червонецтің» жиырмасын, тұп-тура 200 рубльді санап тұрып қолыма ұстатты. Менің жүрегім тоқтап қала жаздады. Шәкен ағамның осы жақсылығын есіме алсам, әлі күнге көзіме жас келіп, көңілім босайды. Менің жолыма сол ақшаны беру үшін ғана «заңға қайшы болмасын» деген ниетімен түкке татымайтын болмашы эпизодқа түсірді. Қарапайымдылығы сондай, қараша айының соңынд­а қысқы сессия басталар кезде Камал Смайылов, Қанымбек Қасымбеков және Шәкен аға үшеуі «халдеріңді білейік деп келдік» деп біз тұрып жатқан жатақханаға іздеп келіп тұр. Үшеуі бөлмемізге бас сұғып, жылан жалағандай дастарқанымызды тәтті-дәмдімен толтырып, бізбен бірге әңгіме соғып талай уақыт отырды. «Атаманның ақыры» фильмінің түсірілімі аяқталып, Мәскеудегі «Госкиноның» ең жоғары комиссиясына тапсы­руға келген беті екен. Екі күн­нен кейін қабағы салбыраған Бабоч­кин аудиторияға келіп, бізге көңіл айтты. Шәкен ағаны көлік қағып кетіп, жол апатынан қайтыс болғанын естідік. Өзі зор үміт артып, үкілеп аттандырған бір топ қазақ студенттері сабағымызды тастап, әкеміздей қамқор болған аяулы адамның мүрдесін моргтен өз қолымызбен алып шығып, Алматыға аттандырдық... 


– Сіз туралы мәлімет қарас­тырып көрген едім, атақты Борис Бабочкиннің шеберханасынан шыңдалғаныңызды біліп, қайран қалдым. Даңқты Чапаевтың бейнесін өшпестей етіп таңбалап берген осы Ба­бочкин емес пе еді? КСРО ха­лық әртісі, Социалистік Ең­бек Ері, Сталиндік сыйлықтың екі мәрте, КСРО Мем­лекеттік сыйлығының лау­реаты, әй­гілі ұстазыңыз туралы әңгі­меле­сеңіз де артық­тық етпейді.

– Одан да қызық мәлімет айтайын. Соғыс кезінде «Мос­фильм» Алматыға эвакуация­ланып, Эйзенштейндер «Иван Грозныйын» Алатау бөктерінде түсіріп жүргенде, Борис Бабочкин біздің Жаркентте тұрған екен. Маған оқу оңай болмады. Ре­жиссері бар, сценарийстері бар, оператор, актерлері, сыншылары бар, бәрін бір аудиторияға жинап, «Әлем киносының тарихы», «КПСС тарихы», «Кеңес киносы» деген пәндерді бірге оқытқан кездегі менің қиналғанымды жан баласының басына бермесін. Бұршақ-бұршақ болып аққан терден бүкіл денем шылқылдап кететін. Бәрі тілдің кесірі. Талай рет тастап кетпек те бол­дым. Бірақ соңғы рет тас-тү­йін жиналып, шабаданымды көтеріп есіктен шыға беріп, анам мен ағамның бір қойын сойып, ағайын-туысты, бүкіл ауыл-аймақты шақырып, бата бергізгенін ойлағанда, жаным ышқынып кетті. «Жоқ, Димаш, қалай да оқуың керек! Қайтсең де соңына дейін жетіп оқуың керек!» Содан бастап бүкіл оқулықтарды жаттап алатын болдым, намысқа тырысып жүріп орыс тілін үй­рендім, екінші курстан бас­тап жоғары шәкіртақы алдым, ал үшінші курста курс старостасы болдым. Менің өзімді-өзім қамшылап, жетілуіме ұстазым Б.Бабочкиннің ықпалы зор болды. Бесінші курсты бітіретін жылы дипломдық жұмысқа дайындаған Шекспирдің «Отеллосында» ол маған Отеллоның және Н.Гогольдің «Ревизорындағы» городничидің рөлін берді. Әкем сияқты жақын болып кеткені соншалық, мен оған сырымды айтамын, ал ол маған қандай да бір жеке шаруаларын сеніп тапсыра беретін. Тіпті менің бірінші некедегі әйеліммен үйленуіме де Бабочкин себепкер болған. Ұстазым біз институтты бітіретін жылы студенттерді қабылдайтын комиссиясындағы жұмысын маған тапсырып, әлдеқандай тірлігімен қалаға шығып кеткен еді. Сол екі аралықта шашы тобығына түскен сұлу татар қызы құжаттарын құшақтап келе қалмасы бар ма? Бірден ұнатып қалдым. Ұзын сөздің қысқасы, Бабочкинге: «мына қызды қалай да оқудан құлатыңыз» дедім. Ол айтқанымды орындады. Сөйтіп татар қызды жетектеп Қазақстанға қайттым. 

– «Массовканың майталманы», «эпизодтың королі» деп жатамыз, сіз кілең екінші план­дағы рөлдерде жүрдіңіз. Басты рөлдерде ойнай алмауы­ңыздың себебі не?


– Бір мәселені білген дұрыс. Басты рөл көп жағдайда нақты бір актерге арналып жазылады. Сол актердің түрін, мінезін, талантын, мүмкіндігін бәрін есепке ала отырып, діттеліп оты­рып жазылады. Мысалы, Ол­жас Сүлейменов «Адамды қа­был алыңыздар!» фильмінің сценарийін маған арнап жазды. Әйтпесе, кешіріңіз, екі метр бойыммен кез келген рөлге келе бермеймін. Кинода «фактура» деген мәселе бірінші кезекте тұрады. Жалпы, өзім де 40 жасыма дейін көп нәрсені уыс­тан шығарып алдым. Ол уақытта кино тек орыс тілінде түсіріледі, киносынақ та орысша жасалатын. Тағы да сол тілдің кесірінен қағажу көрдім. Кинодағы ең не­гізгі сүйікті рөлдерімнің бәрі де тек 40 жастан кейін бұйыра бас­тады. 

– Айып етпеңіз, осы уақытқа дейін есіміңіздің Адам екеніне еш күмән келтірмеген едік, Ди­маш екеніңізді кейінірек біл­дік. Сізді «Адам» десе, рен­жі­мейсіз бе?


– Мені Адам дейтін жалғыз сіз ғана емес. Жылына кем де­генде 7-8 телеарна, газет журна­листері телефон шалып, сұхбат алуға, бағдарламаға түсуге шақы­рады. Шырылдаған қоңырауды көтерсем: «Алло, Адам аға», дейді. Мен ешқашан өзіме-өзім жарнама жасамаған адам екенмін. «Самозванецтерді» мүлде ұнатпаймын. Сұхбатты да өте сирек беріппін, ал титр­ге «Димаш Акимов» деп жазылып, телеарнадан сайрап оты­ратындай бағдарламаларға қатысудан о бас­тан ат-тонымды алып қашамын. Сондықтан болар, «Адамды қабыл алыңыздар!» фильміндегі рөлім үшін көрерменім мені Адам атандырып жіберіпті. Тіпті осы күнге дейін көшеде кездейсоқ жолығысып қалатын бейтаныс жандардың өзі: «О-о-о, Адам!» дейді. Ондайда дереу: «Мен Адам емеспін» деймін қалжыңдап. Шынында да, рөл құдіреті деген осы ғой. Образ жасап, көрерменімнің көңілінен мәңгілік орын алып жатсам, актер үшін бұдан асқан қуаныш бола ма?! Міне, бүгін жасым жетпіске келіп отырса да, жан-жақтан түсетін шақыртулардан қолым бір күн босаған емес.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті

12.12.2018

Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді

12.12.2018

Алексей Ут­киннің жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты

12.12.2018

Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді

12.12.2018

Атырауда ұн тартатын диірмен іске қосылды

12.12.2018

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады

12.12.2018

Қостанайда Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы аталып өтті

12.12.2018

Қарапайым түсінік

12.12.2018

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

12.12.2018

Қазақстан тарихы – әлемдік деңгейдегі тарих

12.12.2018

Түркістанды танытатын туындылар

12.12.2018

Шығай хан

12.12.2018

Ерін үндестігі неге таңбаланбайды?

12.12.2018

Nápaqa qaıdan tabylar?

12.12.2018

Сарыбелдің «саумалы» Ұлы даланың ұтымды жобасына айналды

12.12.2018

Латын әліпбиіне көшудегі Әзербайжан тәжірибесі

12.12.2018

Тік тұрып жұмыс істеу жаттығу емес

12.12.2018

Әлемде әр үшінші мектепке таза әрі қауіпсіз дәретхана қажет

12.12.2018

Экономикада тұрақты өсім бар

12.12.2018

Мұнай барлау жұмыстарының ақ аюларға әсері

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу