Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

Кеше облыс орталығында «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы ашылды.

Егемен Қазақстан
22.09.2018 15538
2

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген белгілі тұлғалар, атап айтсақ, әнші, Қазақ КСР және КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген агрономы Вера Сидорова, жазушы, қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова, ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марфуға Айтқожина, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, Әбіш Кекілбаевтың зайыбы Клара Жұмабаева, академик, биология ғылымының докторы Ажар Жұбанова, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Раиса Көзденбаева, т.б. қатысты.

Шарада облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиналған жұртшылықты жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады.

Қазақта «Анаңды Меккеге арқалап апарсаң да, оның алдындағы борышыңды өтей алмайсың» деген сөз бар. Сондықтан біз, бәріміз, ана алдында басымызды иеміз, оларды мәңгі құрметтейміз.

Бүгінгі ашылып отырған ғимарат — ақтөбеліктердің аналар алдындағы борыштарын өтеуге деген шынайы тілегі мен ниетінің көрінісі. Біздің мақсатымыз — тарихта өнегелі өмір сүрген, бүгінгі күні еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан аналарға құрмет көрсету, оларға тағзым ету, ананың адам өміріндегі орны ерекше екенін, ананың сүтімен біздің бойымызға қандай қасиеттер даритынын насихаттау, облыстағы қыз-келіншектерімізді сол батыр, дана аналарымыздың өнегелі өмірінен үлгі алуға шақыру. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялағандағы ең негізгі мақсаты — ұлттық құндылықтарымызды сақтау, ұлықтау, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына қазақтың салт-дәстүрлерін, үрдістерін сіңіру. Сондықтан бүгінгі ашылып отырған орталықта біздің жастарымыз қазіргі заманның талабына сай озық үлгілерді үйреніп, абзал аналарымыздың өмірінен өнеге алып, абыройлы, білімді, иманды болып өсетініне сенеміз.

Барлық ақтөбеліктердің атынан Бибігүл Ахметқызы бастап келген аналарымызға, апаларымызға көп рақмет айтамын. Сондай-ақ облыс басшылығы атынан осы ғимараттың салынуына демеушілік көрсеткен барлық кәсіпкерлерге ризашылығымды білдіремін. Ақтөбеде бой көтеріп жатқан орталықтар, зәулім ғимараттар осы демеушілердің, кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің қаржысына салынып жатыр.

Ең негізгісі, бәрімізге ортақ бүгінгі қуаныш құтты болсын! Барлық аналарымыз, қыз-келіншектеріміз аман болсын! Қазақ елінің абыройы арта берсін! — деді облыс әкімі.  

Бұдан кейін жазушы, қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова жиналғандарға жылы лебізін білдірді.Халқымның алтын ұл-қыздарынан айналайын! Олардың осындай жасаған бастамасына, игілікті ісіне мың да бір рақмет! Мұндай ғимаратты мен әлемде кездестірген жоқпын. Бұл — бүкіл дүниежүзіне тарататындай керемет дүние. Бұл аналардың ғана орталығы емес, өсіп келе жатқан ұл-қыздарымызға тәрбие беретін, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын орталық деп санаймын. Сондықтан осы игілікті істі жасаған азаматтарға мың алғыс! Осы бастаманың қасиетті Ақтөбе жерінен басталып отырғанының өзінде үлкен мән бар. Бұл өмірде анадан артық қасиетті ештеңе жоқ! Сондықтан ендігі уақытта әр азамат өз анасын есіне алып, тағзым етуі үшін осы орталыққа келуі керек. Мен облыс әкімі Бердібек Машбекұлына осы идеясы үшін, сондай-ақ оны қолдап, ғимараттың салынуына үлес қосқан іскер азаматтарға ерекше рақметімді айтамын. Ұзақ, бақытты өмір сүрсін деп тілеймін! — деді ол.

Шарада мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың зайыбы Клара Жұмабаева жүрекжарды тілегін жеткізді.

Бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! Болашақ өсіп келе жатқан ұрпақ осы жомарт азаматтардың жасаған жақсылығын түсінетін болсын! Жас ұрпақ, сіздердің алдарыңызда көп міндет тұр. Осы аға-апаларыңның жасаған еңбегін ары қарай жалғастырып, елімізді көркейте беріңіздер! — деді ол.

Салтанатты шарада әнші, Қазақ КСР және КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген агрономы Вера Сидорова, ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марфуға Айтқожина, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова жаңа орталықтың лентасын қиып, облыс әкімі бастаған құрметті қонақтар орталықты аралап шықты.

Бұдан кейін орталықтың үлкен залында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, академик, биология ғылымының докторы Ажар Жұбанова және медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі Раиса Көзденбаева бір топ көпбалалы анаға «Алтын алқа» төсбелгісін табыстады.

Бүгіннен бастап осы зал әрдайым осы өңірден шыққан, көп бала өсіріп, тәрбиелеген аналарды құрметтейтін, марапаттайтын зал болады. Осы жерде батыр аналарымызға «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілері табысталатын болады. Биылғы жылы облыста көп бала тәрбиелеген, елімізге еңбек сіңірген аналарға «Ана даңқы» төсбелгісі дайындалып жатыр.

Өздеріңізге белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде аналарға ерекше құрмет- қошемет көрсетіп келеді. Бүгінгі күні ұлан-байтақ жеріміз Қазақстанда 18 миллион адам тұрады, бұл, әрине, аз. Ол үшін халықтың санын көбейтуіміз керек. Сондықтан билікте жүрген біздер аналарға барлық жағдайды жасауымыз керек. Бүгінгі бастама — соның бір айғағы, — деді Б.Сапарбаев.

Шара соңында Ажар Жұбанова жиналғандарға жылы лебізін білдірсе, Раиса Көзденбаева облыста медицина саласының қарқынды дамып жатқанын, ал бұл өз кезегінде ана мен бала денсаулығына, ұлт болашағына жасалып жатқан үлкен қолдау екенін атап өтті.

Салтанатты шарадан кейін әнші, Қазақ КСР және КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова бастаған топ «Аналар» аллеясына шырша отырғызып, көпшілікпен естелік суретке түсті.

Бүгін облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен облыс орталығында «Анаға тағзым» орталығы ашылып отыр. Орталықта өнегелі өмір сүрген, ерлігімен есте қалған танымал әйелдер, белгілі тұлғалардың аналары туралы кең мағлұмат беретін мұражай, психологиялық, кеңес беру кабинеттері, қолданбалы өнер, музыкалық тәрбие беруге арналған арнайы бөлмелер жасақталған. Жалпы «Анаға тағзым» жобасы аясында облыс бойынша 200-ден астам адам, 300-ге жуық кәсіпорын, Мұғалжар, Шалқар аудандарының өндірістік ұжымдары өз есепшоттарынан осы орталықтың салынуына қаржы аударып, өз үлестерін қосты. Соның нәтижесінде бүгін, міне, Ақтөбеде осындай әдемі, зәулім ғимарат ашылып отыр. Біз өте қуаныштымыз. Бұл орталық тек аналар ғана емес, барлық әйелдер, қыз-келіншектер бас қосатын орталық болмақ. Бұл орталықтың салынуына 350 миллион теңге қаржы жұмсалса, оның құрылысын жүргізуге 10 мың адам үлес қосты, — дейді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова.

Айта кету керек, аталған ғимараттың құрылысын мердігер ұйым «ЕСАТ» ЖШС жүргізсе, жобалаушы ұйым — «РегионСтройПроект» ЖШС.

Үш қабатты ғимаратта «Ана даңқы» музей-галереясы, мультимедиялық экспозиция залы, хореография залы, сондай-ақ бірыңғай тақырыптық кабинеттер орналасқан.

Данагүл ҚАЗИХАН

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Зейін Әліпбек Ұлттық музей директорының кеңесшісі болып тағайындалды

21.02.2019

«Болашақ» - керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов  

21.02.2019

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Үндістанда өтетін фестивальде бақ сынамақ

21.02.2019

Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

21.02.2019

Қызылордалық жастар екі жүзге жуық адамды тегін тамақтандырды

21.02.2019

Қызылордада 5 млн теңгені қолды қылған ұры 10 жылға сотталды

21.02.2019

Қазақстанның Қарулы күштері «Кыш-2019» оқу-жаттығуына қатысады

21.02.2019

Заң университеті жас ғалымдарға гранттар бөлді

21.02.2019

АҚШ-тың әуе компаниялары Қазақстанға биыл ұша алады

21.02.2019

Өзбекстан мен Қырғызстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

21.02.2019

Қорғалжың қорығында балық аулауға тыйым салынды

21.02.2019

Инфекциялық аурулармен күресуге 2,3 млрд теңге бөлінді

21.02.2019

FlyArystan компаниясы мамырда Орал-Алматы әуе рейсін шығарады

21.02.2019

Маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

21.02.2019

Маңғыстауда мұқтаж отбасыларға гранттар беріледі

21.02.2019

Маңғыстауда мүгедек балалардың емделуіне жағдай жасалады

21.02.2019

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

21.02.2019

Қарағандыда жас сарбаз өз-өзіне оқ атып, мерт болды

21.02.2019

2010 жылдан бері 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды - Жеңіс Қасымбек

21.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде жауынгерлік атыстар өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу